Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Әйелге ода)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Әйелге ода) казакша Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Әйелге ода) на казахском языке

Қай жерде, мейлі, қай елде
Әлемнің мәні – Әйелде.
Шын мықты болсаң оныңды
Әйелге барып дәлелде!

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем
Сүйкімді болсаң шынымен
Әйелің сүйсін алдымен!

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең – әйел деп сүрін
Халыққа сыйлы болмайсың
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың
Әйелдің тілін таппасаң!

Ананың сорып емшегін
Басылған талай кемсеңің.
Бәдік боп өмір кешесің
Бермесе әйел жень-шенін.

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың
Әйелден болған ажалы!

Әйелден ыстық от бар ма?
Сол үшін түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді
Әйелің өлсін деп қарға!

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін – сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың
Әйелің сорлы болса егер!

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!





KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, жүрсін ерман әйел туралы өлеңі, жүрсін ерман әйел туралы өлеңі әйелдер, жүрсін ерман Әйелге ода өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері, жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның өлеңдер жинағы, жүрсін ерманның өлеңі, журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман әйел туралы өлеңі, жүрсін ерман әйел туралы өлеңі әйелдер, жүрсін ерман Әйелге ода өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері, жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның өлеңдер жинағы, жүрсін ерман, Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Әйелге ода), Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Әйелге ода) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке