Қазақша өлең: Мен - қазақпын!!! » ZHARAR © 2016 | мен қазақпын текст, мен қазақпын өлеңі, мен қазақпын өлеңінің сөздері, мен қазақпын өлеңінің авторы




  • »

Қазақша өлең: Мен - қазақпын!!!

Қазақша өлең: Мен - қазақпын!!! казакша Қазақша өлең: Мен - қазақпын!!! на казахском языке

Мен - қазақпын, Абаймын, Құнанбаймын!
Мәнгілік құламайтын шынардаймын.
Құлағы кереңдер естіп алсын.
Мың мәрте қазақпын деп ұрандаймын.

Мен - қазақпын, Абылай, Жәнібекпін!
Ұлылықты ұрпаққа тәлім еттім.
Орыс құрған орданы бұзып шығып,
Нұрсұлтандай қазақты ханым еттім.

Мен - қазақпын, Қайратпын, елім деген,
Ел үшін ешнәрседен шегінбеген.
Мен қазақпын деп тұрғам қаймықпастан,
Бетпе бет келген кезде өлімменен.

Мен - қазақпын, Шаханов Мұхтар едім,
Ешкімнен сескенбедім, бұқпап едім.
Колбиндей шүрегейге бой берместен,
Ұлтым деп ұрандатып шыққан едім.

Мен - қазақ, шоқ боп батып, от боп аттым,
Жаңаөзенде өз елімді оқ боп аттым.
Сонда да өз ұлтымнан безінбеген,
Мен - қазақпын, Тоқтармын, Бекполатпын!

Мен - қазақпын, Заманбек, Алтынбекпін!
Аямай жан бергенмін, халкым деп мың.
Кейбіреуше атақ пен байлық жимай,
Жарқын келіп, өмірден жарқын кеттім.

Мен - қазақпын, Жүрсінмін, Айтақынмын!
Айтыста Алаш мұңын айтатынмын.
Ораз боп кетсем дағы оралмасқа,
Жаңғырып Жандарбек боп қайта тудым.

Мен - қазақпын, Айбекпін, Балғынбекпін!
Елді жырлап батасын алдым көптің.
Ел мұңын естіртем деп кереңдерге,
Арасында қалғанмын сан дүрмектің.

Мен - қазақпын, Ринатпын жанған ұлмын!
Шындық әнін Шынболатша салған ұлмын.
Патшаға дат айтам деп, қаймықпастан,
Сан айтыстан шеттеліп қалған ұлмын.

Мен - қазақпын, Сәбира, Ләззатпын мен!
Өмірімді ауыстырдым азат кунмен.
Досым да, дұшпаным да естіп алсын,
Мен - қазақпын!
Қазакпын! Қазакпын мен...............!



Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 448
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .