» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Бәйге жыр)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Бәйге жыр)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Бәйге жыр) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Бәйге жыр) на казахском языке
Қуаныш боп әлдилесе ғажап түн,
Кейде дәмін татып көрдім азаптың.
Биік те емес,
Төмен де емес ешкімнен
Мен кәдімгі қатардағы қазақпын!
Жоқ демеймін менде кемдік,
Менде мін.
Мініммен де,
Мұңыммен де елдемін.
Ешбір жаннан артық та емес,
Кем де емес
Мен кәдімгі қатардағы пендемін.
Басымды идім өзі басын игенге.
Мәз болмадым сәнді киім кигенге.
Көрген жоқпын кеудемді бір көтеріп,
Кіші-гірім кресло тигенде.
Жолдастарға ерген жоқпын желікпе.
Содан менің абыройым кеміп пе?!
Трамвай мен троллейбус тұрғанда
Қызықпадым одан басқа көлікке.
Диқанменен бірге орып егінді,
Бағбанменен алдым бірге өнімді.
Менің атам аты шыққан адам деп,
Елден оқшау қойған жоқпын тегімді.
Досқа деген көңілімнің парағы
Ықыласты сөзге толы, қарағым.
Жегенім де жұртқа таныс қара нан,
Ішкенім де кәдімгі орыс арағы.
Бірдей туыс эстоның да,
Татар да.
Шүкір деймін тірлігіме жатарда.
Озып кетпей,
Қалып қоймай ешкімнен,
Мен ырзамын жүргеніме қатарда.
Енді айтайын сөзімді сәл жаңартып,
Едірейме көзіңді сен алартып.
Ал өнерде
Жүргеніңше қатарда
Жүрмегеннің өзі, досым, көп артық!
Дұрыс болмас дарындыны жас десең.
Жасыңмен де,
Кәріңмен де бәстесем.
Бақ сынайтын жер жүзінің жүйрігі
Бәйге-өнерге мәстегіңді қоспа сен!

Автор: nurgul95 | 103 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Бәйге жыр өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Бәйге жыр, қадыр мырза али Бәйге жыр өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Бәйге жыр, Өлең: Қадыр Мырза Али (Бәйге жыр) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке