» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін) на казахском языке
Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін!
Жұлдыздары жағылмаса түн бе түн!?
Сөздің күші ақиқатта,
Ағайын,
Әр уақытта шындықты айту — міндетің!
Ақиқатшыл адамдарға кінә артып,
Қарама сен көзіңді, дос, алартып!
Өтірікпен жұбатқанша,
Бауырым,
Шындықпенен жылатқаның мың артық!:
Немене өзі?!
Қорқақ болып кеттік пе?!
Біреулерде ерлік деген жоқ тіпте!
Ешкімді де ақтай алмас
Сөйлемнің
Аяғына қоя берген көп нүкте.
Қарап ал да Тарих деген қартыңа,
Түгелін айт,
Ырза емес ел жартыңа.
Ақиқат ол, айналайын, ез емес,
Тығылатын көп нүктенің артына!
Бұл өмірді не үшін адам сүйеді,
Болмаса оның алтын кіндік — тиегі?!
Шындық — сауыт.
Өтіріктің жебесі
Ең алдымен сол сауытқа тиеді.
Өлең деген емес, досым, құр ақпар.
Ел алдында ағыл-тегіл сыр ақтар.
Шындық — сауыт,
Ар жағында сауыттың
Ел деп соққан,
Жер деп соққан жүрек бар!
Қырға шықтым қырықты да тәмәм ғып.
Қалайтыным — жалғыз ғана амандық.
Не болса да өзімізден,
Ешқашан
Қасқыр маған жасаған жоқ жамандық.
Жасымда да болған жоқпын елірме.
Жақсы деген атым қалды өңірде.
Ит дегенді көп айтамыз
Сол иттің
Өзі мені бір қапқан жоқ өмірде.
Қазақтардың көңіліне қонбаған
Доңызды да дей алмаймын оңбаған.
Қалай деймін?!
Қырық жылда осынау
Бір доңыздық жасамаса ол маған!
Сәл қиындық болғанменен ілкіде,
Заман мені айырған жоқ күлкіден.
Сол сияқты көрген жоқпын жамандық
Арыстаннан,
Жолбарыстан,
Түлкіден!
Бұл өмірде көрінбейтін майдан бар.
Бірақ ұлы идеядан таймаңдар.
Жамандық па?
Жамандықты істейтін
Арадағы екі аяқты айуандар!

Автор: nurgul95 | 134 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Шындық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Шындық)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Жаңбыр)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Жаңбыр)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт пен Қаңбақ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт пен Қаңбақ)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бәйге жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бәйге жыр)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Моцарт пен Сальери)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Моцарт пен Сальери)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ащы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Ащы)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Шықсам да)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Шықсам да)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Абдулхамид екіншінің жарлығы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Абдулхамид екіншінің жарлығы)
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Нұр)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Нұр)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Түйеқұс)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Түйеқұс)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Досым екеуміз)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Досым екеуміз)
Қазақша мақал - мәтел: Шындық
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Шындық
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Кәрі қыран)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Кәрі қыран)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шындық туралы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шындық туралы)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң)

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін, қадыр мырза али Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін, Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт баспасын жарқыраған күн бетін) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке