Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға)

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға) казакша Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға) на казахском языке

Тұлпарын мініп алып жастық шақтың,
Өмірдің өріне өрлей жүйтки шаптым,
Сайрандап сәулетті өмір саясында,
Көңілім не тілесе — бәрін таптым.
Қайырлы сапарымда көпті көріп,
Арудың алуан сортын ұшыраттым;
Мен көрдім сұлуларды сандуғаштай,
Сайраған саясында «Иран бақтың».
Мен көрдім таң алдында, тәтті ұйқыда
Құпия сыр-сипатын перизаттың;
Сен соның бәрін-дағы ұмыттырып,
Шығыстың шолпанындай көзді тарттың,
Жүректі әлдеқайда жетектейсің,
Бейне бір сен магнит, мен болатпын;
Тәуекел! Дариясына кеттім сүңгіп
Шалқардай шалқып жатқан махаббатың.
Қиыннан қаймықпайтын әдетім бар,
Еркіне қоя бердім ер талаптың.
Болғанда сен аспанның аққу құсы,
Сұңқардай соңнан қуа қанат қақтым;
Амал не, аққу шіркін қонса барып
Көңілсіз көңіліне бір басқа жақтың!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, Қасым Аманжолов өлеңдері. Стихи на казахском языке Касым Аманжолов, қасым аманжолов өлеңдері әдеби әлем, Қасым Аманжолов өлең, С...ға, қасым аманжолов С...ға өлең стихи на казахском касым аманжолов казакша олен, қасым аманжолов өлеңдері, стихи на казахском языке касым аманжолов, касым аманжолов олендери, С...ға, қасым аманжолов С...ға өлең стихи на казахском касым аманжолов казакша олен, қасым аманжолов өлеңдері, стихи на казахском языке касым аманжолов, касым аманжолов олендери, Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға), Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com