Ұлытауым- асқар биігім


Ұлытауым ұлы дала кіндігі.
Ұлытауым ұлы қазақ бірлігі.
Ұлытаудың түзу ұшып түтіні.
Ашық еді, аспаны мен түндігі.

Ұлытауым тарихтағы ұлылық.
Ұлытаудан білінеді жылылық.
Абылайхан ақ кигізге отырып,
Үш жүзінің басы тұрған бірігіп.

Ұлытау деп ұлы күшті еленде.
Тарихы бар тамыр жайған тереңге.
Табиғатын айтса сөзде жетпейді,
Қалай ғана сиғызамын өлеңге.

Ұлытауым міне осы биігім,
Даласында баққан бабам киігін.
Барлық әлем жердің бетін бұл тауға,
Қалай ғана келтірді екен қиығын.

Ұлытауым міне осы асқарым,
Осы таудан алар тарих бастауын.
Ұлытау деп бабаларым ат мініп,
Осы тау деп тіккен бабам бастарын.

Ұлытауым ұлы өлке айбыным,
Оң солыңнан туа берсін ай күнің.
Осы таудың әр тасы да мен үшін.
Баға жетпес бағаланбас байлығым!


Касымбекова Асылжан


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

тау, ұлытау, асқар, биік, шығарма, эссе
Келесі мақала жүктелуде...