Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Көк пен Жердің арасы) » ZHARAR © 2017 | ерлан ахмет Көк пен Жердің арасы өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Көк пен Жердің арасы




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Көк пен Жердің арасы)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Көк пен Жердің арасы) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Көк пен Жердің арасы) на казахском языке

Көк пен Жердің арасында жаралған,
алтын күннің нұрларынан нәр алған.
Көк Түрігім, қасіретті тарихтың
құны қымбат жан берісіп, жан алған.

Түркілерге пана болған Тоныкөк,
аға болған, дана болған Тоныкөк.
Жетпісінде ақылымен арбасып,
тайдырмаған сара жолдан Тоныкөк.

Батыр бабам Күлтегінмен тілдесіп,
күн кешемін ғұнмен, сақпен бірлесіп.
Тылсымының тұңғиығын бойлатып,
тіршілікті тербетеді Түн-бесік.

Естеми мен Бумын қаған тамырын
бүлкілдетіп келесің, көк Тәңірім.
Жүрегіме таңба болып басылды,
құлпытаспен жеткен мұра – тағылым.

Сыр ақтарған ұрпағына тас мүсін,
бағзылардан тартып тарих басқышын.
Тегін білмей келешекке жетпекке,
Ақиқаттың жұмбақ құлпын ашты шын.

Жылдар, жолдар – кешегім мен өткенім,
жұмыр жерді бусандырған көктемім.
Ашық аспан, алтын арай, көк байрақ,
көк піріне сиынатын көк бөрім.

Көк пен Жердің ортасында жаралған,
теңдік үшін жан берісіп, жан алған.
Түркілерім, ата-бабам аңсаған,
нұрын шашты Азаттықтың таңы алдан.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 37
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .