» » » Өлең: Жұмағали Саин (Май жыры)

Өлең: Жұмағали Саин (Май жыры)

Өлең: Жұмағали Саин (Май жыры) казакша Өлең: Жұмағали Саин (Май жыры) на казахском языке
Құрыштай нық,
Кеуделі тік,
Ту ұстап
Жұмысшы тұр:
Сап-сап адам легінде.
Қаптаған гүл
Миллиондар бір.
Бір штаб:
Отанымда, біздің
Совет елінде,
Жұмысшы тұр
Тудай нұрлы,
Көтеріп жыр,
Кеудесі кең алып жас,
Тұр жарқылдап,
Үн саңқылдап:
— Алға!
Шапшаң!
Кетпе бірақ жүгіріп!
Тұрмын міне,
Еңбегіммен белді астым,
Алпысыншы
Жылдарменен жолдаспын,
Неге десең
Бітті нормам биылғы,
Алға кеттім,
Өмір солай бұйырды,
Тағы бердім
Алдағы он жыл жоспарын,
Артта қалсаң,
Сені тоқтап тоспадым.
Күреспесең
Өмір сыйын бере ме!
Айқаспасаң
Жеңіс тегін келе ме!
Күшің аспай
Шіркін еңбек өне ме!
Өнім қызбай
Коммунизм жеңе ме!
Дегендей - ақ
Жұмысшылар келбеті,
Түрленіп тұр,
Тулар асты, жер.беті,
Құбылып тұр
Қызыл арай
Көз тоймай,
Тамылжып тұр,
Маужырап тұр бүгін май.
* * *
Тракторшы,
Комбайншы,
Шырқады ән,
Май дабылын
Бұл да аспанға көтерді,
Көрікті таң,
Безеулі сән,
Ен сұлу шақ:
Ертеңді алға әкелді,
Дала,
Егін,
Жайқалған гүл,
Астық селін,
Мақтаған жыр,
Бәрі осында
Кернеп кеткен дүние.
Шұғылалы нұр
Төгер қымбат
Бізде әр күн.
Тамылжы Май!
Төгіл көктен
Күн нұры!
Төк!
Безендір!
Тағы да алда төгерсің...
Шырқа, достар!
Сайра, майдың бұлбұлы!
Жан рақатқа,
Жүрек жырға бөленсін!

nurgul95 | 29 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Өлең: Жұмағали Саин (Достық үні)
Өлең: Жұмағали Саин (Достық үні)
Өлең: Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)
Өлең: Жұмағали Саин (Алғыс саған, партия)
Өлең: Жұмағали Саин (Қызғалдақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Қызғалдақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Сәлем саған, астанам)
Өлең: Жұмағали Саин (Сәлем саған, астанам)
Өлең: Жұмағали Саин (Шың мен адам)
Өлең: Жұмағали Саин (Шың мен адам)
Өлең: Жұмағали Саин (Ресей қызы)
Өлең: Жұмағали Саин (Ресей қызы)
Өлең: Жұмағали Саин (Тракторшы)
Өлең: Жұмағали Саин (Тракторшы)
Өлең: Жұмағали Саин (Орыс халқына)
Өлең: Жұмағали Саин (Орыс халқына)
Өлең: Жұмағали Саин (Бақташы мен бұлбұл)
Өлең: Жұмағали Саин (Бақташы мен бұлбұл)
Өлең: Жұмағали Саин (Донец)
Өлең: Жұмағали Саин (Донец)
Өлең: Жұмағали Саин (Балалық)
Өлең: Жұмағали Саин (Балалық)
Өлең: Жұмағали Саин (Міне ауыл)
Өлең: Жұмағали Саин (Міне ауыл)
Өлең: Жұмағали Саин (Қара теңізде)
Өлең: Жұмағали Саин (Қара теңізде)
Өлең: Жұмағали Саин (Түнде)
Өлең: Жұмағали Саин (Түнде)
Өлең: Жұмағали Саин (Саған, ана!)
Өлең: Жұмағали Саин (Саған, ана!)
Қазақша өлең: Жұмағали Саин (Дала)
Қазақша өлең: Жұмағали Саин (Дала)

KZ / Өлеңдер жинағы, жұмағали саин сайын Май жыры өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Май жыры, жұмағали саин сайын Май жыры өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы жумагали саин стихи на казахском языке жумагали саин олендери шыгармашылыгы Май жыры, Өлең: Жұмағали Саин (Май жыры) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке