» » » Өлең: Жұмағали Саин (Еске алу)

Өлең: Жұмағали Саин (Еске алу)

Өлең: Жұмағали Саин (Еске алу) казакша Өлең: Жұмағали Саин (Еске алу) на казахском языке
I
Біздер жаттық шеру тартып
Украинаның даласында,
Кременнойдың ағашында,
Ұлы Донец жағасында.
Мұнда жатқан партизандар*
Ақжүректер, ұлы жандар,
Адамдығын сақтағандар,
Ана сүтін ақтағандар.
Мен де бірге болдым сонда,
Бәрі кәзір көз алдымда,
Міне Яша отряды,
Бізге серік ұзақ жолда!
Әне! Изотов, Патеряйло,
Өз қолымен олар жатыр,
Әне олардың оң жағында,
Агафонов құрған «шатыр».
Одан әрі екі отряд
Жақын қонған бізге қарай,
Бәрі ретті, бәрі даяр,
Әр минутта ұрысқа сай.
II
Тоқта, достар, мен айтайын
Бәріңізге ерлер жайын.
Сағынамын мен оларды,
Ұзап күндер өткен сайын.
Олар маған тым ардақты,
Достар еді бал жаласқан
Ел жолында жан беріскен,
Сан майданға араласқан.
III
Көз алдымда жауған оқтай,
Кірпік қақпай атқан таңдар,
Суық аяз... төнген қауіп...
Арыстандар — партизандар,
Көз алдымда жендет тобы,
Жоямын деген ұры — фашист
Қан-сел болған қатты соғыс,
Қысылшаң көз... біздің жеңіс..,
Көз алдымда Торскиде,
Сонау Солдат хуторында,
Полицейлер біздің қолдан
Жаһаннамға жан тапсырған...
Көз алдымда жауған оқтар,
Кірпік қақпай атқан таңдар,
Қауіп, ажал, қан кешулер...
Қаһармандар — партизандар.
IV
Олар қазір жорықта жүр,
Мен отырмын өлең жазып,
Бірге өткізген күндерді ауыр,
Әңгіме ғып — етіп азық.
— Мен кім қазір?—Жаралы жан.
Сынған сұңқар қанатынан!
Қалған достар санатынан,
Жәй бір өмір тербеушісі,
Жаны нәзік жаратылған,
Ұйықтап жатыр міне балам,
Өзім үйім... жағылған шам,
Еш дыбыс жоқ, ұстап қалам,
Толғанамын өлең жазам...
Кеше дауыл ішінде едім,
Қан мен жалын араласқан,
Кешегі ажал қайда кеткен
Маған қарап аузын ашқан?
— Жоқ , жоқ олар кетті алысқа,
Мен жарымжан қалдым кейін,
Бола алмадым достарменен
Соңғы жеңіс күнге дейін.
Әрине бұл маған ауыр,
Көндім бірақ шара қандай
V
Көз алдымда қалың орман,
Жер астынан салынған үй.
Сығырайған білте, майшам,
Ұйқысыз түн, өткен ылғи...
Мың да, мың боп, еш тыным жоқ..
Қанды күндер, қара түндер.
Өткен талай біздің бастан.
Ажалды оқпен, ер жүрекпен
Қарсы алғанбыз тапжылмастан,
Шіркін сабаз, тар кезеңде
Өзін елдің еткен ері,
Сан жорыққа бірге аттанған,
Қайда ұмытсын қазақ сені.
Көз алдымда қалың орман...
Ұзақ түндер... суық таңдар...
Елдің кегін қанмен жуған
Қаһармандар — партизандар!

nurgul95 | 47 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Өлең: Жұмағали Саин (Ресей қызы)
Өлең: Жұмағали Саин (Ресей қызы)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі дос)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі дос)
Өлең: Жұмағали Саин (Тракторшы)
Өлең: Жұмағали Саин (Тракторшы)
Өлең: Жұмағали Саин (Майданда кездесу)
Өлең: Жұмағали Саин (Майданда кездесу)
Өлең: Жұмағали Саин (Ұрыстан кейін)
Өлең: Жұмағали Саин (Ұрыстан кейін)
Өлең: Жұмағали Саин (Донец)
Өлең: Жұмағали Саин (Донец)
Өлең: Жұмағали Саин (Аттанарда)
Өлең: Жұмағали Саин (Аттанарда)
Өлең: Жұмағали Саин (Аттанайық майданға)
Өлең: Жұмағали Саин (Аттанайық майданға)
Өлең: Жұмағали Саин (Алло-алло)
Өлең: Жұмағали Саин (Алло-алло)
Өлең: Сүйген болсаң, сағынарсың (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Сүйген болсаң, сағынарсың (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оғыланды)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Освенцим)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Освенцим)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Сиқырланба алдымда)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Сиқырланба алдымда)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жырласам ба екен)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жырласам ба екен)
Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Мен сені жек көремін!)
Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Мен сені жек көремін!)

KZ / Өлеңдер жинағы, жұмағали саин сайын Еске алу өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Еске алу, жұмағали саин сайын Еске алу өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы жумагали саин стихи на казахском языке жумагали саин олендери шыгармашылыгы Еске алу, Өлең: Жұмағали Саин (Еске алу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке