» » » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған) на казахском языке
А, жаным, жүр екенсің әлдеқайда?
Құйын ба, әлде көңілін, әлде жай ма?
Алысқа сенен ұзап жүріп кеттім,
Ойлаймын көрермін деп бірер айда...
* * *
Мінеки, мен келемін ұзын жолда...
Көк жасыл көркем сурет оңда, солда.
Көңілімді мұның бірі уламайды,
Ұзын жол, Мәскеу, Баку, Орынбор да.
***
Мінеки, келатқаным Қапказ жолы,
Пәселке, қалың ағаш, жері — соңы.
Бәріне зауқым жоқ, көңілім быж-тыж,
Сықылды табылмаған жүрек жолы.
* * *
Саяхат сияқты емес бұл жүрісім,
Болғаны дерт сияқты бір сен үшін.
Ташкенде қайтарымда көрсем деген
Сол енді бар үмітім, бар тынысым
* * *
Сағындым сені көрмей айдан бері
Жүдедім ойлай-ойлай жоқтап сені.
Бәрінен Тәшкен тартып тұрған сынды,
Асығып сол қалаға қайтам енді.
Кезінде келсем екен жайраңдаған,
Көзіңді көрсем екен жайнаңдаған.
Көз жанып, қос бетіңнен нұрың тамып.
Алдымда суретің тұр ойнаңдаған

Автор: nurgul95 | 108 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Алдымда суретің тұр ойнаңдаған өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Алдымда суретің тұр ойнаңдаған, ілияс жансүгіров Алдымда суретің тұр ойнаңдаған өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша ілияс жансүгіров өлеңдері илияс жансугиров олендери илияс жансугиров стихи на казахском Алдымда суретің тұр ойнаңдаған, Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке