Ілияс Жансүгіров (Белсенділерге)

 Ілияс Жансүгіров (Белсенділерге)

Жолдастар! Мен де өзіндей белсендімін,
Айтайын маған бір сөз берсең бүгін.
Қаңбақтай желді күнгі қалбаңдаумен,
Барады - ау, бастан асып мөлшерлі күн.
Кейде оңай, кейде қиын белсенділік,
Белсенділік - көпті ерту, ел сендіріп.
Боласың әрі кесем, әрі шешен,
Өтесіндер менше тұрып, менше жүріп.
Сөз сөйле, тіл біткенді бұзыңқырап,
Боза - ботқа докладты мыжыңқырап...
О күніңді жоям деп бақыра түс,
Күшеніп, «жасасынға» қызыңқырап.
Тезис жаз дүмбілездеу сырлаңқырап,
Кітап жаз одан - бұдан ұрлаңқырап.
Сирақтай шала үйтілген өлең жазып,
Оныңды енештей бер, бұлдаңқырап.
Молдадай әдеттенген мұқтасарға,
Марксті айт, білмесең де, оқтасаңда.
«Ленин көсем сүй деген» деп айта сал,
Лениннің не дегенін ұқпасаңда.
Мақалаң келмесе де бұ заманға,
Айдай бер, көкімылжың созалаңға.
Баспаса газеттерге азу басып,
Өкпелеп, өсек айтып, қызараңда.
«Айт» десе айқасып қал, білмесең де,
Құмарлан керіп, созып, сүйресерге.
Қасақана қаулыға қарсы болып,
Сал да отыр қыңыратқып бір кеселге.
Бұқараны бұқтырып мешеуірек,
Сылдыр сөзбен кісі бол «шешенірек».
Еңбекші көп етегін жинағанша,
Есірелік, қалғанша есеңгіреп

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі