» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Шарапат)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шарапат)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шарапат) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Шарапат) на казахском языке
Өтпейді өмір жалғыз-ақ жыршылықпен.
Айдайды уақыт күндерді бір шыбықпен.
Талай-талай кез болды
Талай-талай
Түңіліп-ақ кететін тіршіліктен!
Аспанымда күлімдеп тұр сұлу ай,
Бірақ мына тағдырдың қырсығуы-ай!
Ай сұлудан көз алмай келе жатсам,
Аяғымнан шалады бір сұмырай!
Өрт шығады орынсыз ойыныңнан,
Өлең өзі мерт болып сойылыңнан.
Дос боп кіріп біреулер құшағыңа,
Жылан болып шығады қойыныңнан.
Дүбірлеген түзде той,
Үйде сауық.
Көңілдер мен көңілдер үйлес анық.
Сондай кеште біреулер жұтқызады
Мақтау сөздің ішіне ине салып!
Мұндай кештен кім-кім де жүдер еді.
Өмір көші осылай үдереді.
Сақтығыңды қалғытып әзәзілдер
Сеніміңді мас қылып жібереді.
Ешқашан да қан қылма қанжар басын!
Сүйе білу — жігітке сол жарасым.
Дәрмек жаққан болып-ақ кей ант ұрған
Ұшықтырып береді жан жарасын!
Ортақ болып тұрмыстың ауырына,
Көмектесу — міндетің бауырыңа.
Құйрығында құрты бар пәлекеттер
Көк шыбын боп қонады жауырыңа!
Сыздағанда жаныңның жарақаты,
Жегідей жер залымның марапаты.
Он адамның иттігін
Жуып-шайып
Жібереді біреудің шарапаты!

Автор: nurgul95 | 196 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Шарапат өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Шарапат, қадыр мырза али Шарапат өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Шарапат, Өлең: Қадыр Мырза Али (Шарапат) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке