» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Менделеев кестесі)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менделеев кестесі)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менделеев кестесі) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Менделеев кестесі) на казахском языке
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес — Титан болу сорың ба?!
О жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?!
Темірдей деп мақтаушы едік.
Темірдің де кезі өткен.
Кезі өтпесе, тұрар ма еді жиырма алтыншы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты да болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан.
Элементтер ішінде де қатты-ау, сірә, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да кейіндеу тұр ақ күміс.
Күміс дейміз,
Күмістің де өмір емес өмірі —
Екінші емес,
Үшінші емес, —
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз —
Екеуінің кезегі.
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас-талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп-сұр болып, қаны қашқан бетінен.
Құрметті төр тимесе егер шын асылда бар ма айып?!
Өз орынын күте-күте кеткен алтын сарғайып...
Оңай емес бұл өмірде бәрін әділ бөлісу,
Бірінші боп сутегі тұр,
Болғаннан соң тегі су...
Осыларды көріп өскен, ұғып өскен балаға
Бұл өмірде ренжуге,
Өкпелеуге бола ма?!!

Автор: nurgul95 | 201 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Менделеев кестесі өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Менделеев кестесі, қадыр мырза али Менделеев кестесі өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Менделеев кестесі, Өлең: Қадыр Мырза Али (Менделеев кестесі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке