Күләш Ахметова (Уақыт пен жастық жыры)
— Ақ таң едім,
Алаулы кештер едім,
Күн боп,
Түн боп мезгілді кестеледім.
Сырласайық,
Жас ұрпақ, мен бар жерде
Не айтар едің, сонан соң не істер едің?
— Алтын Күнім!
Ақ нұрын жайған Айым!
Айтарымды ақылмен ойға алайын.
Ойға алғанды орындап үлгерейін,
Аялдашы, уақыт, айналайын!
Халқым үшін арналсын барым, бағым.
Тіршіліктің ащысын,
балын, дәмін
Татыра гөр, уақыт,
Қолыңдамын.
Төктіре гөр жастықтың жалынды әнін.
Асықпашы, алтын күн,
Асыл айым!
Өз даусыммен даңқыңды асырайын.
Аңызыңда гүл болып ашылайын,
Ауруыңа ем болып асығайын.
Алдау-арбау арбасын быт-шыт қылып,
Ақиқаттың алдында бас ұрайын.
Кең далама егейін кіл ақ қайың,
Бұрқылдайын бұла саз бұлақтайын.
Су тілеген жерлерге тұрақтайын,
Сұлулықты ешқашан жылатпайын.
Ел тілесе,
Айналам қорғаныңа,
Жолбарыстай жол салам орманыңа.
Желіп өтер, күндерім,
Жеткізе гөр
Жете алмаған Естайдың арманына.
Жастық десе жүректе қызған бір ән,
Жалын атам,
Жасықты қызғандырам.
Жаңа жолмен ел-елді жалғастырам,
Жан баспаған жерлерде із қалдырам.
Жомарт болам,
Жоқ жерде тарынбаймын.
Сен бар жерде қашады қалың қайғым.
Сен бар жерде бақытты жасап алам,
Сен бар жерде ешкімге жалынбаймын.
Ән ағылтам тойларда
Кеш төрінен.
Дауысымды тірліктің есті өрінен!
Мені іздеген табады
Туған елдің
Магистраль, құрылыс, ГЭС-терінен.
Мөлдірейді сен барда мәңгі айдыным,
Ізгілікті жырлаймын,
Талмайды үнім.
Тәтті қызық іздеймін ащы терден,
Жарқыратам адамның жан байлығын.
Жастық шақтың құрытқан босқа сәнін,
Бос белбеу,
Ойсыздармен қоштасамын.
Түк көрмеген сорлыдан сый күтпеймін,
Жаны кең жақсылармен достасамын.
Сүйсем,
Сүйем дақ салмай сезімге, арға,
От боп тиіп,
Ой салам ез ұлдарға.
Отан,
Елді
осылай қуантамын
Айналайын, уақыт, өзің барда
Алаулы кештер едім,
Күн боп,
Түн боп мезгілді кестеледім.
Сырласайық,
Жас ұрпақ, мен бар жерде
Не айтар едің, сонан соң не істер едің?
— Алтын Күнім!
Ақ нұрын жайған Айым!
Айтарымды ақылмен ойға алайын.
Ойға алғанды орындап үлгерейін,
Аялдашы, уақыт, айналайын!
Халқым үшін арналсын барым, бағым.
Тіршіліктің ащысын,
балын, дәмін
Татыра гөр, уақыт,
Қолыңдамын.
Төктіре гөр жастықтың жалынды әнін.
Асықпашы, алтын күн,
Асыл айым!
Өз даусыммен даңқыңды асырайын.
Аңызыңда гүл болып ашылайын,
Ауруыңа ем болып асығайын.
Алдау-арбау арбасын быт-шыт қылып,
Ақиқаттың алдында бас ұрайын.
Кең далама егейін кіл ақ қайың,
Бұрқылдайын бұла саз бұлақтайын.
Су тілеген жерлерге тұрақтайын,
Сұлулықты ешқашан жылатпайын.
Ел тілесе,
Айналам қорғаныңа,
Жолбарыстай жол салам орманыңа.
Желіп өтер, күндерім,
Жеткізе гөр
Жете алмаған Естайдың арманына.
Жастық десе жүректе қызған бір ән,
Жалын атам,
Жасықты қызғандырам.
Жаңа жолмен ел-елді жалғастырам,
Жан баспаған жерлерде із қалдырам.
Жомарт болам,
Жоқ жерде тарынбаймын.
Сен бар жерде қашады қалың қайғым.
Сен бар жерде бақытты жасап алам,
Сен бар жерде ешкімге жалынбаймын.
Ән ағылтам тойларда
Кеш төрінен.
Дауысымды тірліктің есті өрінен!
Мені іздеген табады
Туған елдің
Магистраль, құрылыс, ГЭС-терінен.
Мөлдірейді сен барда мәңгі айдыным,
Ізгілікті жырлаймын,
Талмайды үнім.
Тәтті қызық іздеймін ащы терден,
Жарқыратам адамның жан байлығын.
Жастық шақтың құрытқан босқа сәнін,
Бос белбеу,
Ойсыздармен қоштасамын.
Түк көрмеген сорлыдан сый күтпеймін,
Жаны кең жақсылармен достасамын.
Сүйсем,
Сүйем дақ салмай сезімге, арға,
От боп тиіп,
Ой салам ез ұлдарға.
Отан,
Елді
осылай қуантамын
Айналайын, уақыт, өзің барда
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?