» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық) на казахском языке
Асқар таудай еліме
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде:
Ашуменен аралас
Қыр да келді көмейге,
Қаһар қаулап денемде!
Көз жібердім мен де елге:
Сонда елімнің түрінен
Тастай болып түйілген —
Қаһармандық аңғардым,
Жау сазайын бергенге!
Жау тиді деп саспастан,
Аяқтарын нық басқан
Айбатынан көресің
Аспанмен күші астасқан!
Құйған құрыш тәрізді
Тұлғасында күшті ызғар
Батырлықпен ұштасқан.
Көз жібердім сонда мен,
Жүрегіне елімнің,
Кремльді болжап ем:
Қуат құйған бойыма,
Шырақ жаққан ойыма
Келбетін көрдім ерімнің.
II
Бахытты елге бел болып,
Батырларға дем болып,
Тұрқын болжап тарихтың,
Таразылап заманды
Қасында тұр Лениннің:
Осы тұрған ұлы адам —
Халық бағын ойлаған,
Данышпаным Сталин
Шам-шырағы өмірдің,
Жүрегіндей өзінің
Көріп дама тұр еді
Өзі орнатқан өмірін.
Жеткізген адам бұл халға
Жау түгіл шыбын қонғанға
Қыяр ма Отан өңірін!
Сол тұлғасы елестеп,
Аялған жан жолыңнан
Адамдық жан емес деп,
Толқып бір кетті-ау көңілім!
III
Сен шақырсақ көсемім,
Әмірің ортақ маған да,
Төгіп жырдың нөсерін
Домбырамды алам да,
Айналам жас — нөкерім,
Мен де барам, қалам ба!
Қорғауға елді кім шықпас,
Аттанды қала, далам да.
Кәрі дүние килікті
Жайнаған біздің заманға.
Адырға шығар деген бар
Асыққан аң адалға!
Ата жаумен айқастық
Майдандасқан алаңда!
Қаһарланып аттандық!
Қаусаған кәрі дүниеден
Енді тамтық қалар ма!
Олар фашист — сұр жылан.
Уын шашқан адамға!
Денеге уын дарытпай,
Жаныштап басын жыланның
Салайық, халқым табанға!
Ондай мерез ордасы
Қалмасын тіпті ғаламда!
Жас өмірдің жайқалған
Жұлғызбай жалғыз жапырағын,
Жайпайық деп жауларды
Жар салды жырау жаранға!

Автор: nurgul95 | 182 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мұғалімдерге сәлем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мұғалімдерге сәлем)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сырттанға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сырттанға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Воронеж батырларына)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Воронеж батырларына)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Аттан батыр ұрпағым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Аттан батыр ұрпағым)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Большевиктер тобына)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Большевиктер тобына)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жамбылдың халық үшін қалған жасы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жамбылдың халық үшін қалған жасы)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Отанды сүй)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Отанды сүй)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ұлыма)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ұлыма)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ұсынамын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ұсынамын)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Пушкинге)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Пушкинге)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Халықтың сәлемі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Халықтың сәлемі)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Шалтабайға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Шалтабайға)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сыртанға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Сыртанға)

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Ата жаумен айқастық өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Ата жаумен айқастық, жамбыл жабаев Ата жаумен айқастық өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Ата жаумен айқастық, Өлең: Жамбыл Жабаев (Ата жаумен айқастық) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке