» » » Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ат екен бір аспаншыл)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ат екен бір аспаншыл)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ат екен бір аспаншыл) казакша Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ат екен бір аспаншыл) на казахском языке
Ат екен бір аспаншыл
Құспен, сірә, аталас.
Асқар таудан аспанша
Құмары әсте тарқамас.
Бар еді бір маң жартас,
Суға құлап кетердей.
Басында оның аң жортпас
Иесіз қалған мекендей.
Қос айылды нық тартып,
Алмақ болдым соны мен,
Шықты жүйрік бір шалқып,
Самғап келген бойымен.
Пау-пау, жасыл дүние
Ылғи осындаймысың?
Сәскедегі күйінде
Сәнді-ақ екен байғұсың!
Биіктіктің қадірін
Жаңа білді-ау жан - денем.
Аяқ асты - бәрі күн,
Алақанда - бар әлем.
Мынау жартас, бұл теңіз,
Аттап кетсең - шыңырау.
Төрт құбыла - өлкеңіз,
Төбеде аспан - зымырау.
Астымда ақбоз арғымақ,
О, пенделік, о, ғұмыр,
Осы күйде қалғым-ақ
Келді менің мәңгі бір!

Автор: nurgul95 | 150 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ғафу қайырбеков Ат екен бір аспаншыл өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Ат екен бір аспаншыл, ғафу қайырбеков Ат екен бір аспаншыл өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша ғафу қайырбеков өлеңдері гафу каирбеков олендери гафу каирбеков стихи на казахском Ат екен бір аспаншыл, Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ат екен бір аспаншыл) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке