Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Есіл ер)

Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Есіл ер) казакша Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Есіл ер) на казахском языке

Алдияр тақсыр ханымыз!
Исатай батыр кеткелі
Кеміді біздің сәніміз.
Тілімді алсаң, тақсыр-ай,
Шайтанның мойнын жұлдырып,
Ордаңа қайтып алыңыз.
Арыстан еді-ау Исатай!
Нетесің, тақсыр, табалап?
Құрттайымда өсіп ем,
Бауырына паналап.
Алдымда асқар тау еді,
Соңынан ерсем ағалап.
Әй, тақсыр-ау, әй, тақсыр!
Табаны жалпақ тарланбоз
Шабарында есінер.
Бір мінезі келгенде
Жібектей жұмсақ есілер.
Жауда қалса жолдасы,
Мақтанады несіне ер?!
Тастай қатты тағдырың
Исатаймен шешілер.
Айтып-айтпай немене -
Қор болды-ау, қайран, есіл.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, стихи махамбет отемисулы на казахском языке, Қазақша өлең: махамбет өтемісұлы, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисов стихи на казахском языке скачать, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке, стихи махамбет отемисулы на казахском языке, Қазақша өлең: махамбет өтемісұлы, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисов стихи на казахском языке скачать, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы, Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Есіл ер), Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Есіл ер) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com