Махамбет Өтемісұлы (Исатай деген ағам бар)

 Махамбет Өтемісұлы (Исатай деген ағам бар)

Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар.
Хан ұлымен қас болып,
Қара ұлымен дос болып,
Хан үстіне барғанда,
Шабайық ханды дегенде,
Шапқандай ханды амал бар, -
Амал барда хан шаппай,
Тәңірім қылды - не амал бар?!
Ат туады байталдан,
Айт десең - лебіз қайтарман.
Төрт-бес жылдай алысып,
Мына тұрған Иса-екем
Ханның бір тауын қайтарған.
Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай,
Дулығалы бас кесіп,
Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суармай?!



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Пікірлер 6

  1. Офлайн
    Бекхан Оразали
    Бекхан Оразали 29 сентября 2015 16:02
    0 + 0 -
    базар жок наны калай басуга болады
  2. Офлайн
    Айжулдыз Надыркызы
    Айжулдыз Надыркызы 27 мая 2015 08:12
    0 + 0 -
    Соз Жок!! Оте жаксы.
  3. Офлайн
    Arai Alke
    Arai Alke 19 января 2015 18:55
    0 + 0 -
    Махамбет атамыз жаугершілік заманда өмір сүріп. Ел қорғап жүріп, осындай керемет туындыларды қалдырған керемет маған да ұнады
  4. Офлайн
    aza akilbek
    aza akilbek 9 октября 2014 20:43
    0 + 0 -
    өте керемет маған ұнады
  5. Офлайн
    aza akilbek
    aza akilbek 9 октября 2014 20:43
    0 + 0 -
    өте керемет маған ұнады
  6. Офлайн
    Перизат Алдабергенова
    Перизат Алдабергенова 1 октября 2014 17:24
    0 + 1 -
    керемет
Келесі мақала ашылудa...