Көктем сыры

 Көктем сыры

Көктем келіп, жадырап көңіл шаттанды,
Сыпырып тастап қыстайғы жатқан қатпарды.
Оянып сезімі табиғат атты ананың
Қуаныш нұрын аямай төге бастады.

Сылқ-сылқ күліп жылғалардан су ақты,
Бәрі де артта, кешегі боран, қыс қатты.
Оралып ойға ұшқыр сезім қиялы
Аралап қайтқым келіп тұр қазір тыс жақты.

Кең далада сайран салып, көкорай,
Шабытыма бітірсем қанат гүлге орай.
Терең жұтып жұпар исін даланың
Мауқымды бір басар ма едім, дариға-ай!

Түнгі самал жай таптырар жаныңды,
Ай сәулесі сүттей қылар маңыңды.
Бойжеткенмен қолтықтасып қыдырып,
Қызық дәурен күндерім де ағылды.
Іздеп көріңіз:
55,5 -33,5

Добавить комментарий