Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ?


Қазақстандық оқушылар үшін соңғы қоңырау 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнінде соғылады, деп хабарлады орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.


"Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының ұзақтығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек, ал биылғы жылдан бастап 31 мамыр оқу жылының соңғы күні болады. 31 мамыр – оқу күні, бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі", - деді Кәрімова.
1 маусым жазғы каникулдардың бірінші күні болып саналады.
"Сондай-ақ, Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау өткізіледі", - деп атап өтті Кәрімова.

Депутат сыны

Еске сала кетсек, кеше мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болғандықтан, мектептердегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды талап етті. Ол Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегеніне қынжылды.
"Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап", - деген болатын Әлтай премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу