Қазақ халқының жыр - дастандары сайты ашылды

Қазақ халқының жыр - дастандары сайты ашылды

Менің аты-жөнім Сүйінбаев Жансерік. 1984 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Үйдің тұңғышы болғандықтан ата-әжемнің қолында өстім. Кішкентайымнан атам халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығымды оятты. Қобыланды батыр, Қыз Жібек эпостарын атамның айналмалы үстелінен (проигрыватель) тыңдап отырған сәттерім әлі есімде. Қазіргі заманда қоғамымызда жаппай батысқа еліктеушілік орын алып отыр. Туылған сәбиден бастап, ересектер мен үлкендердің өзі тәлім-тәрбиеге жұрдай, ойдан шығарылған кейіпкерлерге табынуда. Менің ойымша, олардың орнына тарихта болған қазақтың батырларынан үлгі алып өскен дұрыс. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші, болашақ ұрпақтың ұлтжанды болуына әрқайсысымыз өз септігімізді тигізуіміз қажет. Менің мамандығым программист-разработчик, мобильдік қосымшалар жазумен айналысамын. Сондықтан, қазақтың эпостары жинақталған QazEpos деп аталатын мобильдік қосымша шығардым. Әзірге тек AppStore-дан iOS мобильдік смартфондарына жүктеуге болады. Өкінішке орай, менің бағытым тек IOS опеарциялық жүйесіне негізделген. Android операциялық жүйесіне бейімдеймін деуші программисттер табылып жатырса барлық материалдар мен техникалық құжаттарды беруге дайынмын.

Қазақ халқының жыр - дастандары сайты ашылды



Жобаның сайты: https://qazepos.kz
App Store сілтеме: https://itunes.apple.com/kz/app/qazepos/id1244523253

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу