"Дауысы жоқ": Мейрамбек Бесбаев Роза Рымбаеваға жауап қайтарды (фото, видео)

"Дауысы жоқ": Мейрамбек Бесбаев Роза Рымбаеваға жауап қайтарды (фото, видео) казакша "Дауысы жоқ": Мейрамбек Бесбаев Роза Рымбаеваға жауап қайтарды (фото, видео) на казахском языке

Мейрамбек Бесбаев өзінің дауысы жоқ деген Роза Рымбаеваға Instagram парақшасында жауап қайтарды деп жазады nur.kz.

"Музарт" тобының әншісі: "Ардақты достар! Алып-қашпа сөзге ермей, алауыздық тудырмай, әліптің артын баққанымыз жөн. Менің бағамды көтерем деп, менің әпкем - қазақтың біртуар қызы Роза Рымбаеваның беделіне нұқсан, абыройына тіл тигізбейік", - деп жазды.


Айта кетейік, Бесбаев өзі жазған жазбаға пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған.

Естеріңізге сала кетейік, "Шыны керек" бағдарламасына қонаққа келген Роза Қуанышқызы Мейрамбек Басбаевтың дауысы жоғын ашық айтқан болатын.

Алайда халық әртісі Мейрамбек Бесбаевтың ән таңдау шеберлігі мен жан дүниесіне риза екенін айтып, қазақстандықтардың "Музарт" әншісін жақсы көретінін мәлім етті.



loading...