Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті

Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті казакша Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті на казахском языке

"Шетелдегі қазақ балалары" атты көңіл толқытар бағдарламасымен көпшілікке танымал болған Жанар Бәйсемізова Колесникова 20 шілде күні 38 жасқа толған еді. Осы орайда журналист фейсбуктегі жеке парақшасына тұрмысқа шыққалы бергі жаңа өмірі туралы жазды деп хабарлайды nur.kz.

"38,8 шексіздік белгісі Армысың Шексіздік! 38-ді ең күшті, ең керемет статуспен қарсы алғызған Жаратушыға сан мадақ! Өткен жылдарым, жолдарым, қателіктерім, күнәларым, өкініштерім, сынақтарым - өмірлік тәжірибем. Солардың арқасында мен өзімді өзім тани бастадым. Өзімді дамыта бастадым. Рухани кемелдікке жетуге талпыныс жасадым. Құдайға шын мәнінде сыйына бастадым. Өлгеннен кейін емес, дәл қазір Жұмақта өмір сүруге болатынын түйсіне бастадым.

Адамдарды сол қалпында, жақсылығымен, жамандығымен, адалдығымен, арамдығымен, шынайылығымен, екіжүзділігімен қабылдауды үйрене бастадым.

Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті

Адамдарды, қоршаған ортаны, ұсақ-түйек дүниелерді айыптаудан, ғайбат сөйлеуден арыла бастадым. Қаншама жылдар бойы әбден ашыққан жанымды, рухымды азықтандыра бастадым. Мен енді қандай да бір ситуацияда неге? деп емес, не үшін? деген сұрақты өзіме қоятын болдым. Мен уақытымды өзгергісі, жаңарғысы келмейтін жандарға құртудың өзіме зияндық әкелетінін ұғындым. Мен энергиямды қолыма қылыш ала салып шабысуға, күресуге, өз өзімді дәлелдеуге, қадірсіз нәрсені ұзақ езіп, мыжғылап отыруға жұмсаудың қайырсыз екенін түйсіндім.

Мен егер өзімдікі болса, қандай да бір дүниенің өзімнен кетпейтінін, уақытында келетінін түйдім. Мен егер менің идеямды, жобамды, дүниемді біреу-міреу тартып алып, иемденіп кетсе, ол нәрселердің менікі емес екенін де түйдім. Мен ешкімнің маған тиесілі нәрсені ала алмайтынын білемін. Мен қай жердемін - сол жерде болуға тиісті екенімді, қазіргі жағдайым, өмірім, тұрмысым Алланың маған берер ең ғажап кезеңі екенін білемін. Мен көңіліңді қалдырған адамдарға деген өкпе-наздың, күйініштің өзіңе қайтып келетінін, бәріміздің кеңістіктегі бір клетка екенімізді білдім және өз клеткаларымызды жаншымауды, шірітпеуді, өлтірмеуді үйреніп келемін. Бұрыннан бостан босқа өлтірген клеткаларымнан, клеткалардан кешірім сұрай отырып бәріңізге алғыс айтамын!

Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті

Мені 38 жыл бойы әр түрлі кесапаттан, кесірден, ауру-сырқаудан, жамандықтан сақтап келген сақтай беретін Аллаға сансыз мадақ! Күйеуімнің, ата-анамның, бауырларымның, туған-туыстарымның, достарымың амандығы үшін Аллаға сансыз мадақ! Туған күнімді жаңа статуспен, жаңа фамилиямен, жаңа клеткамен қарсы алдырған Жаратушыға сан мадақ!", - деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетсек, Жанар Бәйсемізова ағымдағы жылдың наурыз айында тұрмысқа шыққан еді. Жанар ханымның жары украиналық мұсылман азамат. Қос ғашық некелерін шариғат заңына сай мешітте қиған.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, бастадым, мадақ, Жанар, екенін, тұрмысқа, Бәйсемізова, журналист, жазды, Шетелдегі, сансыз, қарсы, Жаратушыға, өзімді, деген, Аллаға, қандай, өзіме, қазақ, нәрсені, білемін, бастадым, мадақ, Жанар, екенін, тұрмысқа, Бәйсемізова, журналист, жазды, Шетелдегі, сансыз, қарсы, Жаратушыға, өзімді, деген, Аллаға, қандай, өзіме, қазақ, нәрсені, білемін, Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті, Шетелдікке тұрмысқа шыққан белгілі қазақ журналисі күйеуінің тегіне өтіп кетті