Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен төсектес болмау үшін қандай қулыққа барғанын айтты

Бахрейнде секс-құлдықта болған қыз еркектермен төсектес болмау үшін қандай қулыққа барғанын айтты

Бахрейнде секс-құлдықта болған қарағандылық қыз елге оралды. Жат жерде жезөкшелік қызмет көрсеткен отандасымызды құлдықтан сол жақтың полицейлері құтқарған болатын деп хабарлайды КТК арнасы.

Самал есімді бойжеткен қазір Астанада тұрып жатыр. Мұнда жігітімен қауышқан ол, кафеге жұмысқа тұрып жаңа өмір бастапты. Тіпті, тұрмыс құру жайын да жоспарлап жүр. Ал туған жері Қарағандыға баруға қатты ұялады екен. Онда анасы мен екі жарым жастағы баласы барын айта кетейік.

Енді 18 жастағы қыз басынан өткен сұмдық жайтты тезірек ұмытқысы келеді. Тіпті, Бахрейнге алдап апарған құрбысы мен жеңгетайлардың үстінен арыз да жазбаған. Дегенмен, еліміздің Сыртқы істер министрлігі кінәлілер жазасын алады деп сендіруде. Негізі, Самал Бахрейн астанасы Манамаға бір ай бұрын өз еркімен барған. Бірақ жақын танысы жұмысқа орналастырамын деп алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті.

"Неге екенін білмеймін арабтар Қытайдың қыздарын ұнатпайды. Сол үшін әдейі айтатынмын Қытайдың қызымын деп. Сол кезде мені таңдамайтын мүлде. Туыстарымнан қатты ұялып жүрмін. Қарағандыға киімдерімді алу үшін ғана барамын. Баламды сағындым, анамды сағындым", - дейді Самал.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?