Қазақша мақал - мәтел: Пәле, дау, егес, жанжал,қақтығыс, талас, тартыс, ұрыс, шатақ » ZHARAR © 2017 | дау туралы мақал мәтелдер, дау туралы макал мателдер, пәле туралы мақал мәтелдер, пале туралы макал, ұрыс туралы мақал, жанжал туралы мақал, шатақ туралы мақал, пословицы на казахском о скандале, пословицы на казахском о конфликтах




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Пәле, дау, егес, жанжал,қақтығыс, талас, тартыс, ұрыс, шатақ

Қазақша мақал - мәтел: Пәле, дау, егес, жанжал,қақтығыс, талас, тартыс, ұрыс, шатақ казакша Қазақша мақал - мәтел: Пәле, дау, егес, жанжал,қақтығыс, талас, тартыс, ұрыс, шатақ на казахском языке

Пәленің алды - қар, арты - дауыл.

Пәледен машайың қашады.

Пәле қуған пәлеге жолығады,
Жала қуған жалаға жолығады.

Ермек қуған пәлеге жолығады,
Еңбек қуған қазынаға жолығады.

Сөз қуған пәлеге жолығады,
Шаруа қуған олжаға жолығады.

Пәле қайда деме, аяқ астында.

Пәлелі жерді баспа, бассаң саспа.

Пәлелі жерге бармағыңды тықпа.

Үндеместе пәле бар, отбасында шала бар.

Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Дау - айтыс, барымта - қайтыс.

Бір дау бір дауды қуады.

Айтысқан соң дау емес пе,
Алысқан соң жау емес пе?

Жер дауы мен жесір дауы бітпейді.

Дауға барсаң, бірің бар,
Жауға барсаң, бәрің бар.

Дау арылмас, алтын шірімес.

Дау қырық жылда бітсе де,
Қыршын біттім дер.

Дауың жоқ болса, кепіл бол.

Бір дауда екі күнә жоқ,
Бір істе екі жаза жоқ.
Бір қазаға екі жаза жоқ.
Қарау - нәпсінің құны.

Жаманның көңілін ауласаң да, дауын даулама.

Тілеп алған бөгелек,
Өзіңе де сол керек.

Тамыр түбі - дау,
Құрдас түбі - жау.

Ит құтырса, иесін қабар,
Дау құтырса, биін табар.

Барымта қайтыс болмай,
Дау айтыс болмайды.

Ала жібін алмасам,
Даудың менде несі бар?
Ел шетіне қонбасам,
Жаудың менде несі бар?

Көштің байсал тапқаны,
Көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны,
Төрешіге барғаны.

Барымта алған мал емес,
Қуып алған құн емес.

Оқтаулы мылтың бір күн тұрса, өзі атылады.

Айыбы бар адам кеңестен қалмайды.

Әр тірлікке төнер бір зауал бар.

Қаралығы күйедей,
Қараулығы түйедей.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 482
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .