Қазақша мақал - мәтел: Ниет, пейіл, ықылас, ынта, іждағат, ілтипат » ZHARAR © 2016 | Ниет туралы мақал-мәтелдер макал мателдер казакша, пейіл туралы мақал-мәтелдер макал мателдер казакша, ықылас ыкылас туралы мақал-мәтелдер макал мателдер казакша, ынта туралы мақал-мәтелдер макал мателдер казакша, пословицы на казахском о намерения




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Ниет, пейіл, ықылас, ынта, іждағат, ілтипат

Қазақша мақал - мәтел: Ниет, пейіл, ықылас, ынта, іждағат, ілтипат казакша Қазақша мақал - мәтел: Ниет, пейіл, ықылас, ынта, іждағат, ілтипат на казахском языке

Жақсы ниет - жарым ырыс.

Адал ниет аздырмайды,
Арамдық бойды жаздырмайды.

Адамның құлқы түзелмей,
Құлпы түзелмейді.

Етпен қарын тоқ,
Ниетпен жаның тоқ.

Аз ас, көп ниет.

Бетім жаман болса да, ниетім жақсы.

Біреу бетінен жазады,
Біреу ниетінен жазады.

Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме,
Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Шығысы жаман қамысты,
Су ішінен өрт шалар.
Пейілі жаман адамды,
Түйе үстінен ит қабар.
Пейілі жаман пәлеге жолығады,
Бітпейтін жалаға жолығады.
Тойған ас түске жетпес,
Пейіл естен кетпес.
Су бермегенге сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
Пейіліңді кеңге сал,
Қырманыңды дөңге сал.
Пейілі жаман кісіден күседі,
Өз асын өзі жасырып ішеді.
Жомарт жүрекке иман қонар.
Жомарт қолға аспандағы лашын қонар.
Жомарт жоқтығын білдірмес.
Болмасын деген оңбасын.
Сырты қара болғанмен, іші сара.
Кеңге кең дүние,
Тарға тар дүние.

Кең жерде тар отырсаң,
Тар жерде кең отырасың.
Көргені жоқ қылығынан жазады,
Ниеті жаман пиғылынан жазады.
Сенің табаныңа кірген тікен
Менің маңдайыма қадалсын.
Беретін кісі келгенде,
Бес қайнайды қазаным.
Кең пейілді кемімес.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Тардан кеңіген озады,
Кеңнен тарылған азады.
Бір кең жеңге қарулы көп қол сияды.
Тар таласып азар,
Кең кеңесіп озар.

Барды аямайды,
Жоқты санамайды.
Тілектің шегі болмайды.
Жағасы - жайлау, төсі - қыстау.
Жайылып төсек, жазылып жастық.
Тапқан біреуін сояды,
Таппаған екеуін сояды.
Қолы ашықтың жолы ашық.
Пейіліңе қарай - пейішің.

Пейілсіз берген ас кешке жетпес,
Пейілді берген ас естен кетпес.
Жүрегі жомартқа иман қонады,
Қолы жомартқа сұғанақ қонады.
Адал ниет - ақ көйлек.
Ындыны таза - иманды.
Пейіл кетсе - ант атты.
Пейілі кең кемімес,
Пейілі тар кеңімес.

Пасықтың пиғылы лас.
Пейілі тар аспанды алаңандай, жерді тебінгідей көреді.
Қызарған бет табылар,
Қызынған ниет табылмас.

Нәпсі тынса пейіл кеңір.

Ақ пейілдің аты озып, тоны тозбайды.

Тар маңдайлының ниеті де тар.


Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 930
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .