Қазақша мақал - мәтел: Өсек

Қазақша мақал - мәтел: Өсек казакша Қазақша мақал - мәтел: Өсек на казахском языке

Түймедейді түйедей етеді.

Аузы ыңғайсыз жерден тесілген.

Аш құлақтан тыныш құлақ.

Тыйылмаған ауызда пәле бар.

Қатты жүрсең «қазық аяқ» дер,
Ақырын жүрсең «маймақ аяқ» дер

Сенімен қосыла жамандасқан
Сені сыртыңнан да жамандайды.

Көлгірге сенбе, былжырға ерме.

Қаңқу сөздің қоспасы көп.

Асыға айтсаң да, асыра айтпа.

Өз аузына өзі ие бола алмаған: астындағы түйесінен айырылар, жетегіндегі биесінен айырылар.

Ауызына сөз тұрмастың,
Бір жерде өзі тұрмас.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Мақтаған жеткізер, шаққан өлтірер.

Ат аяғынан, адам құлағынан семірер.

Өз басындағы отты көрмей,
Біреудің басындағы шоқты көрер.

Бүйректен сирақ шығарады.

Өзінің боғын көрмей,
Біреудің шоғын көреді.

Шабына түртіп, шамына тиеді.

От алып, ораққа түскен.

Оттан алып, суға салады.
Беттер:
<< 1 2 3 >>




KZ » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, осек туралы мақал мател, өсек туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском о сплетни и болтливость, макал мателдер осек туралы, мақал мәтелдер өсек туралы, осек туралы мақал мател, өсек туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском о сплетни и болтливость, макал мателдер осек туралы, мақал мәтелдер өсек туралы, Қазақша мақал - мәтел: Өсек, Қазақша мақал - мәтел: Өсек макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы