Қазақша мақал - мәтел: Тіл / Тіл туралы мақал-мәтелдер / тил туралы макал мател казакша | тіл туралы мақал мәтелдер, тил тiл туралы макал мателдер казакша, пословицы на казахском языке тіл туралы, пословицы на казахском языке о языках




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Тіл

Қазақша мақал - мәтел: Тіл казакша Қазақша мақал - мәтел: Тіл на казахском языке

Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.

Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.

Ана тілің алпыс тілге татиды.

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

Адам көңілден азады, тілден жазады.

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.

Айтпас жерде тілің тарт.

Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

Ана тілің алпыс тілге татиды.

Ақынның тілі қылыштан өткір.

Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.

Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.

Әдеп басы – тіл.

Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.

Бал тамған тілден у да тамар.

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

Басқа пәле – тілден.

Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы.

Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.

Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.

Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

Кісі қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл жүннен өледі.

Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

Қызыл тіл – жанның мияты,
Абырой – ердің қуаты.

Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.

Малға кедей – жарлы,
Тілге кедей – сорлы.

Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 182 656
Рейтинг:
(голосов: 89)

KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, Тіл туралы мақал-мәтелдер тил туралы макал мател казакша, Қазақша Мақал - Мәтел: Тіл, Қазақша Мақал - Мәтел, Тіл туралы қазақша мақал мәтел, тил туралы макал на казахском, пословицы на казахском языке на казахском языке, (Пословицы на казахском языке) (о языке), тіл туралы мақал мәтелдер, тил тiл туралы макал мателдер казакша, пословицы на казахском языке тіл туралы, пословицы на казахском языке о языках, Қазақша Мақал - Мәтел: Тіл, Қазақша Мақал - Мәтел, Тіл туралы қазақша мақал мәтел, тил туралы макал на казахском, пословицы на казахском языке на казахском языке, (Пословицы на казахском языке) (о языке), Қазақша мақал - мәтел: Тіл макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы

.

. .