Қазақша Мақал - Мәтел: Тілдер күні (Тіл өнері) » ZHARAR © 2016 | тіл туралы мақал мәтелдер, тил тiл туралы макал мателдер казакша, пословицы на казахском языке тіл туралы, пословицы на казахском языке о языках




  • »

Қазақша Мақал - Мәтел: Тілдер күні (Тіл өнері)

Қазақша Мақал - Мәтел: Тілдер күні (Тіл өнері) казакша Қазақша Мақал - Мәтел: Тілдер күні (Тіл өнері) на казахском языке

Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.

Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар.

Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.

Сүңгініңжарасыбітер,
Тілжарасы бітпес.

Басқа пәле тілден.

Тіл — тиексіз.

Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.

Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.

Піл көтермегенді
Тіл көтереді.

Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.

Жер астында жатқанды,
Қазбай, қарап тіл табар.

Қойын-қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар.

Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.

Аңдамай сөйлеген
Ауырмайөледі.

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.

Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.

Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.

Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.

Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады.

Өтірікшінің шын сөзі зая.

Қатты айтсаң,
Қарындасыңажақпайсың.
Ақырынайтсаң,
Ақың кетеді.

Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.

«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз.

ІІІешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.

Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.

Қаһарлы сөз — қамал бұзар.

Олақтың сөзі —
Орынсыз жамау тәрізді.

Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.

Ойнапсөйлесең де,
Ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.

Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.

Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.

Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.

Шал,
Шалдың сөзі — бал.

Ұлы сөзде — ұят жоқ.

Сөз шындықты табар.

Көп сөйлеген
Иә жолдасынан,
Иә құрдасынан айрылады.

Жақсы сөз — жарым ырыс.

Жаным десе — жан семіреді.

Айтсаң сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.

Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.

Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар.

Көз көргенше,
Ауыз батыр, сөйлеп қал.

Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер
Сөз — бейнет болар,
Боз — көйлек болар.

Сөзіңді айт ұққанға
Айтып айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.

Көп сөйлесең — тақылдақ дер,
Аз сөйлесең — ақымақ дер.

Көптің аузы — зеңбірек.

Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.

Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.

Ауызында әзілі жоқтың
Қолында қол шоқпары бар.

Ауыз дарбаза,
Сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал?!

Жүйелі сөз —
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз —
Иесін табар.

Сөз жүйесін тапса — Малиесінтабар.

Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.

Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.

Айтпаса жүректен кетеді,
Тартпаса білектен кетеді.

Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.

Сөзің тәтті болсын,
Ашуың қатты болсын.

Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.

Сөз қуған — пәлеге жолығар,
Шаруа қуған — қазынаға жолығар.

Өзі — шынашақтай,
Сөзі — келсаптай.

Сөздің басы — бір пышақ,
Аяғы — бір құшақ.

Сөйлемесе қайдан туады?
Сөз сөзден туады.


Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 17 789
Рейтинг:
(голосов: 160)

KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, Тіл өнері туралы Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) (о языке), Тіл өнері туралы Мақал-мәтелдер, (Пословицы на казахском языке) (о языке), Қазақша Мақал - Мәтел: Тіл өнері, Қазақша Мақал - Мәтел, Тил онери туралы макал, Тіл туралы мақал-мәтелдер тил туралы макал мател казакша, Қазақша Мақал - Мәтел: Тіл, Тіл туралы қазақша мақал мәтел, тил туралы макал на казахском, пословицы на казахском языке на казахском языке, тіл туралы мақал мәтелдер, тил тiл туралы макал мателдер казакша, пословицы на казахском языке тіл туралы, пословицы на казахском языке о языках, Тіл өнері туралы Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) (о языке), Тіл өнері туралы Мақал-мәтелдер, (Пословицы на казахском языке) (о языке), Қазақша Мақал - Мәтел: Тіл өнері, Қазақша Мақал - Мәтел, Тил онери туралы макал, Қазақша Мақал - Мәтел: Тілдер күні (Тіл өнері) макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .