Басшы, бастық, жетекші

 Басшы, бастық, жетекші

Батыр қол бастар,
Шешен сөз бастар,
Көсем жол бастар.

Сөйлей-сөйлей шешен,
Көре-көре көсем боласың.

Көпке сөзің ұнаса - шешендіктің белгісі,
Көп ішінде сөйлеген - көсемдіктің белгісі.

Жүзден біреу - шешен,
Мыңнан біреу - көсем.

Көктем гүлдің бағын ашады,
Көсем елдің бағын ашады.

Топтан озған - шешен,
Көптен озған - көсем.

Басшысын таппаған ел азады,
Жолдасын таппаған ер азады.

Тілі жеткенше сөйлеген - шешен,
Қолы жеткенше нұсқаған - көсем.

Ақылды басшы алдырмас.

Керуенбасы білікті болса,
түйе азбайды;
Қолбасы білікті болса,
сарбазы азбайды.

Көреген басшы елді өсіреді,
Күшті майдан ерді өсіреді.

Көргені жақсы көш бастар.

Қосшы болуға жараған,
Басшы болуға да жарайды.

Ел ұстама, ел ұстасаң, кек ұстама.

Ұлық болсаң, кішік бол.

Үлкен бастар, кіші қоштар.

Мың қосшыға бір басшы.

Өз елімнің басшысы болмасам да,
Сайының тасы болайын.

Басқарушы болмаса, ел қадірі кетеді.
Елінде айтыс болса, ер қадірі кетеді.

Көшбасшысы жоқ болса, ел оңбайды.

Құралай бастаған киік оңбайды.

Азатын елді ұрысы билейді,
Озатын елді дұрысы билейді.

Бастаушы болса, қоштаушы табылады.


Жаман басшыдан жақсының сілтеуі артық.

Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер.
Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер.

Бастығың болса білімсіз,
Тыңдырар ісің тиімсіз.

Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.

Елуде - ел ағасы.

Жүрек - ер, бас - кемеңгер.

Жас та болса бас.

Арба айдаған алдына қарайды.

Құл жиналып бас болмас,
Құм жиналып тас болмас.

Басшы көп те, қосшы аз,
көбінің басы таз.

Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел.

Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды.

«Алдияр, алдияр!» десе, далияр.

«Әй!» дер ажа,
«Қой!» дер қожа жоқ.

Бассыз үйдің иті осырақ.

Өтпес жарлық - байға қорлық.

Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.

Көшбасшының кигені жылы,
Жылаған баланы не қылсын?

Көпті жаман басшы тоздырады,
Жақсы басшы оздырады.

Ел ағасы іріткішіл болса,
Елін жауы шабар.

Жердің құты - жаңбыр,
Елдің құты - азамат.

Үйдің құты - жақсы әйел,
Аймақтың құты - әділ басшы.

Дос таппаған ер азар,
Басшы таппаған ел тозар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады