Қазақша мақал - мәтел: Адам » ZHARAR © 2016 | адам туралы мақал мәтелдер, адам туралы макал мателдер казакша, пословицы на казахском о качествах человека, пословицы на казахском о человеке




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Адам

Қазақша мақал - мәтел: Адам казакша Қазақша мақал - мәтел: Адам на казахском языке

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.

Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.

Бұрынғының кісісі —
Бүгінгінің кішісі.

Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек.

Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл.

Кісідегінің
Кілті аспанда.

Кісі қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.

Жұпарды жасыра алмайсың.

Болған кісі, болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес.

Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Адам құлақтан азады,
Қаңқудан тозады.

Жігіттің құны — жүз жылқы,
Ары — мың жылқы.

Адаспаймын деген жігіт,
Талтүсте адасады.

Төсектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы — қорлық.

Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақ сұңқар қаққызбай іледі.

Аш адам ұрысқақ,
Ақсақ қой тырысқақ.

Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.

Табы бірдің — тәңірі бір.

Сыртың сайлы болғанша,
Ішің майлы болсын.

Ақылсыз адам айқай келеді,
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай келеді,
Жан-жағын байқай келеді.

Жолдасты жол айырады.

Қарау адам — күншіл,
Мекер адам — міншіл.

Сырты жалтырауықтың
Іші қалтырауық.

Жерік талғамайды,
Ғашық алдамайды.

Жаным десе, жан семірер.

Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы.

Жақсының жүрген жері — абат.

Қатты жауған күн
Тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі
Тез басылады.

Саналы адам
Сағыңды сындырмас,
Санасыз адам
Жағыңды тындырмас.

Екі аяқты адам түгіл
Төрт аяқты мал да сүрінеді.

Қағазға тіл бітірген қалам,
Жансызғажан бітірген — адам.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 17 683
Рейтинг:
(голосов: 18)

.

. .