» » » Мақал - мәтел: Адам, пенде, кісі

Мақал - мәтел: Адам, пенде, кісі

Мақал - мәтел: Адам, пенде, кісі казакша Мақал - мәтел: Адам, пенде, кісі на казахском языке
Адам - түп ата, Хауа - түп ана.

Адам адамға, жан кеудеге мейман.

Адамына қарай сәлемі.

Адам қырықта - қылау, елуде - елік

Адам зоры - тоғын,
Жылқының зоры - соғым.

Адамға адам керек әрбір жайда.

Адамға тойымшылық керек.

Адам көпке, мал шөпке тоқтайды

Адам - ала, мал - құла.

Адамды кейде баршылық сынайды,
кейде жоқшылық сынайды.

Адам өзгенің қадірін өзі арқылы түсінеді.

Адам жаманнан жиренбей,
Жақсыны үйренбейді.

Адам - керуен, өмір - жол.

Адам мен адамның арасы жер мен көктей.

Адамның жүзіне бақпа, сөзіне бақ.

Адамның сырты алдамшы.

Адам көзі - таразы.

Адам мен адамды сөзі мен көркі теңейді.

Кісі қылығымен танылар.

Кісілікті кісі табиғатқа тартып туады.

Жуас кісі тыныштықты тілейді.

Сәулесі жоқ адамның бәрі соқыр.

Қадірлі кісі қартаймайды.

Адам жайын ауылдасы білмейді,
істесі біледі.

Адал адамның аты арып, тоны тозбас.

Ақ жүрек адам азбас.

Ең ақылды адам - ел билеуден аулақ болған адам.

Екі кісі бейім тұрса,
Есті кісі кейін тұрады.

Әркімнің атар таңы, батар күні бар.

Ғалам - адам үшін,
Адам - ғалам үшін.

Ойхой,дүние серуен,
Адам бір көшкен керуен.

Қағазға тіл бітірген - қалам,
Жансызға жан бітірген - адам.

Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті.

Қисық қабырғадан қыңыр адам қиын.

Жылан шаққан адам ала жіпті аттамайды.

Айыр құйрық шаяннан,
Айыр тілді адам жаман.

Жаман арба жол бұзар,
Жаман адам ел бұзар.

Жуас тананы патша мінеді,
Жуас адамды әркім іледі.

Жұмсақ ағаш құртқа жем,
Жуас адам жұртқа жем.

Екі аяқты адам түгіл,
Төрт аяқты мал да ақсайды.

Тауға тау қосылмас,
Адамға адам қосылар.

Ағаш қисығын тез түзетер,
Адам қисығын көр түзетер.

Бұтақ жайған ағаш қартаймайды,
Ұрпақ жайған адам қартаймайды.

Мың адам салған көпірді бір адам бұзады,
Бір адамның жаққан отына мың адам жылынады.

Бәйтерек бұтағымен,
Адам ұрпағымен жасайды.

Адам баласы үрген мес секілді,
Аузын ашсаң, босап қоя береді.

Темірді от,
ағашты мөр,
адамды сөз балқытады.

Адам қатесіз болмайды,
От түтінсіз болмайды.

Ақылсыз адам айқайлай,
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай,
Жан-жағын байқай келеді.

Адамнан адам асса да,
Ғаламнан аспайды.

Адырында арқар көп,
Адамында дарқан көп.

Адам баласы ит жанды.

Адамның жаны - Алланың аманаты.

Адамның ана сүйегін, әке қанын,
Тәңірі жанын береді.

Адамның қолы - гүл, маңдай тері - нұр.

Жылылық - күннен, мейірімділік - адамнан.

Үлкен десең, түйеге жүгін,
Сақалды десең, текеге жүгін.
Ақыл іздесең, адамға жүгін.

Адам шыдағанға құрыш шыдамайды.

Ашу қысқан адам Аллаға ала көзбен қарайды.

Бір адамның жаққан отына Он адам жылынады.

Киіміне қарап қарсы алады,
Ақылына қарап шығарып салады.

Адамнан адамның несі артық?
Бір-ақ ауыз сөзі артық;
Малдан малдың несі артық?
Бір-ақ асым еті артық.

Адамның аңырағаны - жуасығаны.

Кісі жапа көрмей, опа көрмес.

Сөздің дауылы кетіп, самалы қалды.
Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалды.

Сөздің көркі — мақал,
Ердің көркі - сақал.
Сақалы жоқ көселер - қасабалы тоқал.

Адам - адамға пана.

Адамның екінші табиғаты - әдет.

Немене, айтып — айтпай, дүние шолақ.
Адамның осы жүрген бәрі қонақ.

Әр адамның өмірде өз орны бар.

Әркімнің өзіне лайық қалыбы бар.

Адам жылап туады,
Жылап өледі.

Барлық адамзат бір бауыр.

Адамзат бірде теңіз, бірде самал.

Адамзат бүгін адам, ертең топырақ.

Адамның үш қасиеті:
қайтпас қайрат,
нұрлы ақыл,
жылы жүрек .

nurgul95 | 57 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
"Кешірші мені": Меруерт Түсіпбаева анасына жантебірентерлік жазба арнады
Эссе: Бір күнде-бір жақсылық жасайық
Эссе: Бір күнде-бір жақсылық жасайық
Эссе: Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек
Эссе: Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейрімділік керек
Мақал - мәтел: Адам, кісі, халық, жұрт
Мақал - мәтел: Адам, кісі, халық, жұрт
Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік
Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тірі адамдар өлмесін)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тірі адамдар өлмесін)
Өлең: Мінсіз біздің мінезіміз
Өлең: Мінсіз біздің мінезіміз
Әңгіме:   Ыбырай Алтынсарин | Әлім кісі
Әңгіме: Ыбырай Алтынсарин | Әлім кісі
Қазақша мақал - мәтел: Көңіл-күй
Қазақша мақал - мәтел: Көңіл-күй
Қазақша мақал - мәтел: Замана
Қазақша мақал - мәтел: Замана
Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Жақсы мен жаман адам қасиеттері)
Қазақша өлең: Сүйінбай Аронұлы (Жақсы мен жаман адам қасиеттері)
Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Адам қолы талай жауды жайратқан)
Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Адам қолы талай жауды жайратқан)
Қазақша шығарма: Еңбек
Қазақша шығарма: Еңбек
Мақал - мәтел: Адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік
Мақал - мәтел: Адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік
Қазақша мақал - мәтел: Дұшпан, жау
Қазақша мақал - мәтел: Дұшпан, жау
Мақал - мәтел: Ақыл, ес, ой
Мақал - мәтел: Ақыл, ес, ой
Мақал - мәтел: Адам
Мақал - мәтел: Адам

KZ / Мақал - мәтелдер жинағы, мақал мәтел Адам пенде кісі туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Адам пенде кісі туралы макал мателдер, Адам пенде кісі, , Мақал - мәтел: Адам, пенде, кісі макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы