Қазақша мақал - мәтел: Ақымақтық » ZHARAR © 2016 | акымактык туралы макал мателдер казакша, ақымақтық туралы мақал мәтелдер, ақымақ туралы мақал мәтелдер, акымак туралы макал мателдер казакша, пословицы на казахском языке о глупости




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Ақымақтық

Қазақша мақал - мәтел: Ақымақтық казакша Қазақша мақал - мәтел: Ақымақтық на казахском языке

Ақымақтың ақылы көзінде.

Ақымақтың ала-құласы болмайды.

Ақымаққа арнап заң жазылмас.

Ақымақ атқа мінсе, атасын танымас.

Ақымақ атқа мінсе,
Атасын басып кете жаздайды.

Ақымақ бұзуға бар да, түзеуге жоқ.

Ақымақтың айтқаны келмейді,
Сандырағы келеді.

Ақымақ жауынды күні суға түсер.

Ақымаққа жылтырағанның бәрі алтын

Ақымақпен астаспа,
Ақылдымен қастаспа.

Ақылсыз қайрат - азап.

Ақымақ ойбай салар,
Ақылды ойға қалар.

Ақымақ бастан ақыл шықпайды,
Ақыл шықса да, мақұл шықпайды.

Ақымақтық аңқаулықпен дос,
Жаңғалақтық жалқаулықпен дос.

Ақымақ алғыс алмайды,
Алғыс алмаған алысқа бармайды.

Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.

Ақымақ артын ойламас,
Аласа суға бойламас.

Ақымақ атқа мінсе,
Өзін төре санар.

Ақымақты алдыңа түсірме.

Ақымаққа айтқан сөз ағып жатқан сумен тең.

Ақылдыға айтқан сөз қолға ұстаған тумен тең.

Арыстан асқынса, айға шабар,
Ақымақ асқынса, анасын сабар.

Арықтың сорпасында дәм болмайды,
Ақымақтың сөзінде мән болмайды.

Ақымақтың айты алты күн.

Ақылсыз жігіт - Ауыздықсыз ат.

Ақылы аздың азабы көп.

Ақылсыз қайрат бас жарар.

Ақылы жоқтың арманы жоқ.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 506
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .