Есек

 Есек

Есек қодығымен, шеңгел собығымен.

Жүгі жеңіл есек жатаған.

Есектің күші адал да, еті арам.

Есекті қанша ұрсаң да, ат болмас.
Қарға мақтанып сұңқар болмас,
Есек мақтанып тұлпар болмас.

Есек мінген еңбегін мінер.

Есек барға саналса да, малға саналмайды.

Есек семірсе, иесін тебер.

Ат айлығын ойлайды,
Түйе жылдығын ойлайды,
Есек аяғының астын ойлайды.

Есек шарап ішсе,
Ер-тоқымын сыйға беріп,
Өзі жауыр болар.

Ауыл толы есектен арық та болса ат жақсы.

Есекке үкі тақпайды.

Есекке күміс ер жараспас.

Есегіне қарай тұсауы.

Есекке ерген күлге аунар.

Есекті отқа айдасаң, боққа қашар.

Есек жорға қатқақта,
Сыры мәлім батпақта.

Есектің түбіне «пия, пия» жетер.

Есекке үкі таққандай,
Итке жабу жапқандай.

Есек құлағының ұзындығына мақтанар,
Есалаң жүзінің қызылдығына мақтанар.

Есек өзін атңа балайды да,
«Әттең» деп құлағына қарайды.

Ергежейліге есектен биік көлік жоқ.

Иесіз есекті бөрі жейді.

Өзім есек бола тұрып түйені жетектедім.

Ер-тұрманы алтын болса да,
Есектің есек аты қалмайды.

Тұлпарды алтын тағамен тағаласа,
Есек емексіп аяғын көтереді.

Есекті сипасаң, түзге қарай аңырайды.

Ақымаққа жалмақ қылма, малы бар деп,
Есекті тұлпар деме, жалы бар деп.

Түйе сілкінсе, бір есекке жүк қалар.

Есекті жүгендегенмен жылқы болмас.

Түйе терісі есекке жүк.

Шаршап жүріп мінген есек аттай болар.

Жығылғанға есек түяғын төсейді.

Есек есекті несиеге қасиды.

Бір есек қырық түйені жетелеп, жолдан шығарып әкетеді.

Залым есек көпір үстінде қитығады.

Естімеген елде көп,
Есек мінген сарт та көп.

Алтын артқан жаман есек те «Жаппарқұл» мырза атанар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі