Ақша, пайда

 Ақша, пайда

Ақша болса,алақанда сорпа қайнатады.

Ақшаның көзі қызыл.

Ақша бар жерде албасты бар.

Арқан үзіледі, борыш үзілмейді.

Жарлының ақшасын жаман тауар құртады.

Құмалақтың есебін Құдай біледі.

Қарыз күліп кіріп, жылап шығады.

Пайда да бір, аққан су да бір.

Телміріп алған теңгеден,
Тер төгіп тапқан теңге жұғымды.

Пайда көздеген - жалғанның құлы.

Алтын алсаң, санап ал.

Алтынды адал қол да, арам қол да ұстайды.

Алтынды ала білген бөле де біледі.

Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

Есепсіз дүние жоқ.

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Ақшада көз жоқ.

Дауыл - құйыннан, ақша - тиыннан.

Теңге - тиыннан, тұлпар - құлыннан.

Алтынды тот баспайды.

Алтынның қолда барда қадірі жоқ.

Есеп түбі - егес.

Есеп білмеген - есек.


Есепсіздің есесі кетеді.

Есептемегенге бәрі түгел.

Пісте қабығы шеңге болмайды,
Сары шақа теңге болмайды.

Ақшасыз базарға барғанша,
Кетпен алып мазарға бар.

Атанның артқаны ас болса да, ақша болмас.

Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Сом алтынды басып отыру үшін де көтен керек.

Күміс азса, күл болады.

Тесік моншақ жерде қалмас.

Талтаңдасаң талтаңда,
Ақшаң болса қалтаңда.

Ақшасыз қалаға шықпа,
Қарусыз далаға шықпа.

Бір теңге бие болмайды,
Екі теңге түйе болмайды.

Теңгелі жерде теңдік жоқ.

Ақыл болса, бақыр табылар.

Бақыр іздеген тақыр табады.

Мың ділдә: бардың қалтасында, жоқтың ауызында.

Ер белгісі - құнында,
Зер белгісі - пұлында.

Кедейге қарыз бер де, амандығын тіле.

Жаңа байдан қарыз алма.

Қарыз қатынас бұзады.

Қарыздыда иман жоқ.

Қарыз, қарызды беру - парыз.

Төлерде төредей бол.

Бұрынғы несием - бүгінгі несібем.

Біреудің тауығын жесең, қаз байла,
Біреудің малын жесең, қыз байла.

Жалақордан қарыз алсаң,
Әкесінің құнын сұрар.

Несиеге ет жесең,
Сүйегі ішіңді жыртар.

Несиеге дуана да бата бермейді.

Алты аласы, бес бересі жоқ.

Борыш көркі - төлеген.

Жаманнан қарыз алсаң,
Тар жерде жаныңды қысар.

Мінгені есек,
Айтқаны өсек,
Тұла бойы есеп.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады