Қазақша мақал - мәтел: Адалдық, игілік

Қазақша мақал - мәтел: Адалдық, игілік казакша Қазақша мақал - мәтел: Адалдық, игілік на казахском языке

Игілікке - сүйгілік.

Игіліктің ерте, кеші жоқ.

Жайылымы болмаса, мал азады,
Қайырымы болмаса, жан азады.

Жайылымын тапса, мал семіреді,
Қайырымын тапса, жан семіреді.

Қайраңы жок көлден без,
Қайырымы жоқ ерден без.

Шөлде құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Тақырға ағаш еккен бір сауап.

Беттен - қытық, жүректен - сезім.

Түрі игіден түңілме.

Мінез көркі - игілік.

Жүзігің алтын болғанша,
Жүзің жарқын болсын.

Мейірім барда мұңдық жоқ.

Жылуы жоқ жүрек - құр кеуде.

Мейірімділік - жүректен,
Мейірімсіздік - білектек.

Именіп жүріп көрген игіліктен,
Қарсыласып көрген бейнет артық.

Нар маяға бота жарасады,
Мейірімді жан-жағына қарасады.

Бай мейірімінен Күн мейірі.

Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.

Қайырымды жүрек қартаймайды.

Обал тұрған жерде сауап бар.

Шоқ қайдан болса, жылу содан.

Мейірбандылық - кісілік үлгісі.

Басы қараның бары игі,
Барын берсе, тағы игі.

Кешірерсің, кешерсің,
Жетілерсің, жетерсің.

Аққа Құдай жақ.

Аққа қара жұқпайды.

Ақтың отын ақымақ өшірмейді.

Аққа зауал жоқ.

Адалдық - ардың ісі,
Ауырды көтеру - нардың ісі.

Ақ айналар, қара байланар.

Ақ ақталар, қара байланар.

Пәк пенде пәлесіз.

Арам - ауыр, ақ - жеңіл.


Абыройы айрандай төгілді.

Абыройды ақ отау жапты.

Судай тұнық, сүттей ақ.

Опаға барған ағарар,
Жосаға барған қызарар.

Адал бақан ашасыз болмайды.

Жорғаң болса, өрге сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.

Таза алтынды тазартпайды.

Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.

Аққа құрмет - елдің салты,
Еліне құрмет - ердің даңқы.

Кіммен қарайсаң, сонымен ағар.

Ісің ақ болса, Құдай саған жақ.

Көкірек таза болмаса,
Көз тазасы не керек?
Жаның таза болмаса,
Тіл тазасы не керек?

Айтар сөзін білмесе,
Адамдықтан не пайда?
Артқан жүгін тартпаса,
Атандықтан не пайда?

Пәлегі таза қауынның,
Түйнегі таза болады.
Жүрегі таза адамның,
Түйіні таза болады.

Шыбығы шырпылмаған,
Қылауына қыл түспеген.

Ауызға келген түкірік - Қайта жұтса мәкүрік.

Ақ дегені - алғыс,
Қара дегені - қарғыс.

Жақсы болсаң жердей бол,
Бәрін шыдап көтерген.
Таза болсаң судай бол,
Бәрін жуып кетірген.

Адал істің әулие-пірі бар.

Адалдың арқаны ұзын.

Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған түйме артық.

Адалдық аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.

Арам, арам түбі - реніш,
Адал, адал түбі - кеніш.

Арамдықты адалдық жеңеді,
Жамандықты адамдық жеңеді.

Жерік таңдамайды,
Ашық алдамайды.

Сүттен ақ, судан таза.

Аққа құлып жоқ.

Жан тазарса, жүрек нұрланады.

Тілегі хақтың ісі хақ.

Алла деген зор болмас,
Ақтың жолы тар болмас.

Қараға шара жоқ.




KZ / Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, адалдық, адалдық туралы мақал мәтелдер, адалдык туралы макал, игілік туралы мақал мәтел, пословицы на казахском языке о честности, пословицы про честность на казахском, игілік туралы мақал мәтелдер, адалдык туралы макал мателдер казакша, игилик туралы макал мателдер казакша, пословицы о благополучии на казахском, адалдык, пословицы на казахском языке, о честности, игілік туралы, мақал мәтелдер, игілік, адалдык туралы, макал мателдер казакша, игилик туралы, игилик, адалдық туралы мақал мәтелдер адалдык туралы макал игілік туралы мақал мәтел пословицы на казахском языке о честности пословицы про честность на казахском игілік туралы мақал мәтелдер адалдык туралы макал мателдер казакша игилик туралы макал м, Қазақша мақал - мәтел: Адалдық, игілік макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы