Қазақша мақал - мәтел: Қой

Қазақша мақал - мәтел: Қой казакша Қазақша мақал - мәтел: Қой на казахском языке

Қойдың пірі - Шопан ата.

Қой анасы - оннан,
Жылқы анасы - бестен.

Қой егіз тапса,
Шөптің басы айыр шығады.

Қора толы қойыңды қотыр тоқты бүлдірер.

Қой өрісі - қорадан.

Қой мыңға жетсе,
Кереге басынан бас кетпейді.

Қой аңсағымен мың болар.

Қой үріккен жағына беттемейді.

Қой шелді болмай, төлді болмайды.

Қойың болмаса,
Байлықта ойың болмасын.

Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.

Қой сүті — қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.

Қой асығы демеңіз,
Қолыңа жақса, сақа тұт.

Қойға қоңырау жараспас.

Қой өлсе, қозы болады,
Келер жылы өзі болады.

Құрттаған қой құдық басында.

Қой алты күн аштыққа шыдайды.

Қойдан қалған қозы қасқырға тап болады.

Ақсақ қой ауыл қасында, не құдың басында.

Ақсақ қой жатып семіреді.

Күн батса, қойға соқпақ табылады.

Семіздікті қой көтереді.

Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды.

Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.

Жүн керек болса, қойды қазанда қырың,
Қой керек болса, мизамда қырық.
Беттер:
<< 1 2 3 >>




KZ » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, қой туралы мақал мәтел макал мател, қой туралы мақал мәтелдер, төрт түлік мал туралы мақал мәтел, пословицы на казахском языке о домашних животных, торт тулик мал туралы макал мател, кой туралы макал мателдер, қой туралы мақал, пословицы на казахском о баране, пословицы на казахском о баран, қой туралы мақал мәтел макал мател, қой туралы мақал мәтелдер, кой туралы макал мателдер, қой туралы мақал, пословицы на казахском о баране, Қазақша мақал - мәтел: Қой, Қазақша мақал - мәтел: Қой макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы

  • Анализ сайта www.zharar.com