Қазақша мақал - мәтел: Түйе » ZHARAR © 2016 | туйе туралы макал, түйе туралы мақал мәтел, пословицы на казахском про верблюда, пословицы на казахском языке про верблюда, туйе туралы макал казакша




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Түйе

Қазақша мақал - мәтел: Түйе казакша Қазақша мақал - мәтел: Түйе на казахском языке

Түйенің пірі - Ойсылқара.

Түйе - түлік басы.

Түйе - түлік төресі.

Түйе - дала кемесі.

Түйе - көштің көлігі, қойдың серігі.

Түйе қараған жауға жолығар,
Сиыр қараған тойға жолығар.

Түйеге - дақ, жылқыға - пышақ.

Түйесі жоқ ауылға тайлақ атан көрінер.
Түйе тулап жүктен құтылмас.

Түйені көпір астына жасыра алмайсың.

Түйені тұзға айда.

Түйе көп болса, жүк сыймайды.

Түйе бойына сеніп жылдан құр қалған.

Түйе қартайғанда көшегіне ереді.

Түйенің танығаны - жапырақ.

Түйе тұзға келер,
Күйеу қызға келер.

Түйе бошалап кетсе де,
Түнейтін орын табады.

Түйе қотыр болса,
Ботасын былғайды,
Ботасы келесін былғайды.

Жалғыз түйе бақырауың.

Түйесін қу бас десең - иесіне тиеді.

Нар сәулеті - ашамай.

Нар баласы бақ етпес.

Нар жолында жүк қалмас.

Нары бар, нары бардың малы бар.

Нар баласын қарпып сүйер.

Жар басындағы жантақты
Жаннан кешкен нар жейді.

Нар өлген жерде жүк қалады.

Аруана - бір үйдің көлігі,
Бір үйдің көжесі.

Түйелі ел - қырға,
Түйесіз ел - Сырға.

Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің.

Жуас түйе жүндеуге жақсы.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 1 488
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .