» » » Махаббат хикаясы: Зағип жігіттің махаббаты

Махаббат хикаясы: Зағип жігіттің махаббаты

Махаббат хикаясы: Зағип жігіттің махаббаты казакша Махаббат хикаясы: Зағип жігіттің махаббаты на казахском языке
Ол екеуі жұлдызы жарасқан жұп еді. Көркіне көз тоймайтын сұлу келіншек, келісті жігіт. Сырт қараған жандардың қызығуы мен қызғанышын қатар оятардай жарасым тауып тұратын. Бақыттың бал шырынына батқан жұбайлар күндерін ерек көңілді өткізетін.

Бірде күйеуі іссапармен алысқа кететін болды. Осынау қос ғашық үшін бұл сапардың сағынышы махаббаттарын тереңдетпесе, өзге кесірін тигізе қоймайтынына әрі екеуі де сенетін. Сүйіктісін шығарып салып, үйде қалған келіншек сағынышты күндерін өткізе берді. Ол осы күндерде әлдебір тері ауруына душар болады да, жас келіншектің сырқатына ем қонбайды. Бір күні таңертең ол ояна сала айнаға қарап шошып кетті. Сұлу жамалынан көлеңке де қалмаған. Қорқынышты болып бұзылып кеткен ақша жүзі оны қайғы теңізіне батырды. Бұл сырқатын күйеуінен жасырып жүретін. Күндер өте келе, оның қайтып келер сәті де жақындай түсті. Ол мына бейнесін көрсе, қандай көңіл күйде болар. Осыны ойлаған сайын оның қасіреті асқына берді. Айна алдына баруға жүрексініп, күндерін өксумен өткізді.

Осынау азапты күндерде ол хабарлама алды. Іссапармен кеткен күйеуі жол апатынан қос жанарынан айрылыпты. Бір айналдырғанды шыр айналдырған қасіретті тағдыр осы да.

Бірақ олар бұрынғыдай-ақ бақытты күндерін жалғастыра берді. Жас келіншектің бүлініп кеткен жамалын күйеуі көрмеді. Күйеуі қайда барса да, келіншегі оны жетелеп жүретін еді. Бұрынғы қызыға қарайтын жұрт оларды мүсіркейтін болды. Жарасымды жұбайлардың келісті бейнесі ертегіге айналып қала берді. Бірақ, сонда да олардың бақытына сызат түскен жоқ. Әйелі қайтыс болғанға дейін жарасымын бұзбады.

Сүйікті жарын жерлеу кезінде өмірдегі ең сұлу асылын жоғалтқан адам қабір басында үнсіз ұзақ отырды да, орнынан тұрып, қайтуға ыңғайланды. Қос жанары тас қараңғы зағипты достары келіп сүйей беріп еді. Ол жақындарының қолын қысып ұстап «Мен соқыр емеспін. Оның ауруға шалдыққанын шетелде жүріп-ақ естігенмін. Өз бейнесінен азаптанбасын, махаббатымызға сызат түспесе екен деп өтірік соқыр болып өмір сүріп келдім. Мен оны шексіз сүйемін» деді де, бұрылып жүре берді.

Қабыр басындағы адамдар осынау махаббат жолында жалғыз қайтып бара жатқан адамға қарап, көздеріне тағы бір мәрте жас алды.

nurgul95 | 28 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Махаббат хикаясы: Бала махаббат
Махаббат хикаясы: Бала махаббат
Махаббат хикаясы: Бақша гүлі
Махаббат хикаясы: Бақша гүлі
Махаббат хикаясы: Кеш... Тым кеш...
Махаббат хикаясы: Кеш... Тым кеш...
Махаббат хикаясы: Өмір-ай
Махаббат хикаясы: Өмір-ай
Махаббат хикаясы: Қандай бақыттысыз!
Махаббат хикаясы: Қандай бақыттысыз!
Махаббат хикаясы: Бақытқа жол ашқан қылмыс
Махаббат хикаясы: Бақытқа жол ашқан қылмыс
Махаббат хикаясы: Қандай бақыттысыз!
Махаббат хикаясы: Қандай бақыттысыз!
Махаббат хикаясы: Эххх..... өкiнiштi....
Махаббат хикаясы: Эххх..... өкiнiштi....
Шығарма: Фантастикалық әңгіме
Шығарма: Фантастикалық әңгіме
Өлең: Бір келіншек (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Бір келіншек (Қазақ ауыз әдебиеті)
Махаббат хикаясы: Әкеме айтып қоймаңыз...
Махаббат хикаясы: Әкеме айтып қоймаңыз...
Махаббат хикаясы: Әкеме айтып қоймаңыз
Махаббат хикаясы: Әкеме айтып қоймаңыз
Ертегі: Ай мен Күн
Ертегі: Ай мен Күн
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қаскелең)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Қаскелең)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Қамажай)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Қамажай)
Қайын атаcынан таяқ жеген келіншек көпшіліктен кеңес сұрады
Қайын атаcынан таяқ жеген келіншек көпшіліктен кеңес сұрады

KZ / Махаббат хикаялары жинағы, махаббат хикаясы Зағип жігіттің махаббаты туралы казакша история любви на казахском, история любви Загип жигиттин махаббаты на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Зағип жігіттің махаббаты, махаббат хикаясы Зағип жігіттің махаббаты туралы казакша история любви на казахском история любви Загип жигиттин махаббаты на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу интересные история любви на казахс, Махаббат хикаясы: Зағип жігіттің махаббаты махаббат хикаялары вк махаббат окигалары mahabbat hikayalary истории о любви на казахском языке махаббат хикаялары видео казакша махаббат хикаялары