» » » Махаббат хикаясы: Бақша гүлі

Махаббат хикаясы: Бақша гүлі

Махаббат хикаясы: Бақша гүлі казакша Махаббат хикаясы: Бақша гүлі на казахском языке
Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай, асқан көрікті, асыл текті жігіттер келеді екен. Үйленуге ұсыныс жасағандардың, ханзадалардың, серілердің біреуін де ұнатпапты.

Сол күндері осы маңда тұратын бір жігіт те әлгі қызға ғашық болып қолын сұрапты. Бірақ қыз оның да ұсынысын қабыл етпейді.

Арадан ұзақ жылдар өтеді. Әлгі жігіт басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастап, үйленіп бала-шағалы болады. Күндердің күнінде бұрын өзі тұрған кішігірім қалашыққа жолы түседі. Келе жатып жолда бір танысын кездестіреді. Онымен әңгіме барысында бұрыңғы әдемі қыз есіне түсіп, оның жағдайының не болғанын сұрайды. Сонда танысы гүл бақшасы бар үйді көрсетіп, қыздың тұрмысқа шыққанын сол үйде тұрып жатқанын айтады. Жігіт: «Апыр-ай, кезінде ешкімге қарамаған бұл қыздың күйеуі кім болды екен?» деп, таңырқай бастайды.

Бір күні жасырын сығалап жүріп, күйеуінің үйден шығып бара жатқанын көреді. Қыздың күйеуі семіз, басы таз, түрі де өте ұсқынсыз біреу екен. Оның үстіне бай да емес екен. Мұның мәнісін білгісі келген әлгі жігіт күйеуі кеткен соң үйдің есігін қағады. Қыз есікті ашқанда, өзінің кім екенін айтып, не үшін мұндай адамға үйленгенін сұрайды. Қыз оған: «Анау тұрған гүл бағының ішінен ең әдемі гүлді үзіп әкелсең, жауабын айтамын. Бірақ, бір ғана шартым бар. Әдемі гүлді алу үшін ілгерілей аласың бірақ кері шегінбейсің!» дейді.
Жігіт жүздеген әдемі гүлдердің ішіне кіріп аралай бастайды. Бірден көзіне өте әдемі бір сары гүл түседі. Оны енді алайын деп жатқанда сәл ілгеріде қызыл-ала гүл көзіне түседі. Оған барып қолын соза бергенде одан да ілгеріде өте керемет қызыл гүл шоғын көреді.

Осылай ең әдемі гүлді табамын деп ілгерілеп жүре келе бақшаның соңына да жетеді. Кері шегіне алмаған жігіт амалсыздан сол жерден бір гүлді үзіп, қызға алып барады. Бақшаның ең әдемі гүлін күтіп отырған қыз жапырақтары солыңқы, өңсіз гүлді әкелгенін көреді.

Сонда қыз жігітке бұрылып былай дейді: «Көрдің бе? Үнемі ең жақсысын табуды қалағаныңда өміріңнің қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Соңында ең жаманына да разы болуға мәжбүр боласың. Сондықтан жастық шағың қолдан кетпей тұрып қолда бардың қадірін білу керек.»

nurgul95 | 35 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыздың сұлулығы неде?  (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыздың сұлулығы неде? (8 сынып, III тоқсан )
Ертегі: Әуез ханның қырық ұлы
Ертегі: Әуез ханның қырық ұлы
Ертегі: Айдаһар
Ертегі: Айдаһар
Ертегі: Қасиетті құдық
Ертегі: Қасиетті құдық
Ертегі: Патшаның үш қызы
Ертегі: Патшаның үш қызы
Ертегі: Аңқау шал мен айлалы жігіт
Ертегі: Аңқау шал мен айлалы жігіт
Ертегі: Бақыт іздеушілер
Ертегі: Бақыт іздеушілер
Қазақша өлең: Мұсабек Байзақұлы (Қайырымды қыз бен қайыршы)
Қазақша өлең: Мұсабек Байзақұлы (Қайырымды қыз бен қайыршы)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ана жүрегі)
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ана жүрегі)
Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт
Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт
Әженің әңгімесі
Әженің әңгімесі
Қазақша анекдот: Сүрініп құлаған сұлу қыз
Қазақша анекдот: Сүрініп құлаған сұлу қыз
Қазақша анекдот: Жігіттің басынан шерте аласың ба?
Қазақша анекдот: Жігіттің басынан шерте аласың ба?
Қазақша өлең: Махаббат
Қазақша өлең: Махаббат
Қазақша махаббат хикаясы: Оның есімі Нәзік
Қазақша махаббат хикаясы: Оның есімі Нәзік
Қазақша өлең: Ғашық сезім
Қазақша өлең: Ғашық сезім

KZ / Махаббат хикаялары жинағы, махаббат хикаясы Бақша гүлі туралы казакша история любви на казахском, история любви Бакша гули на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Бақша гүлі, махаббат хикаясы Бақша гүлі туралы казакша история любви на казахском история любви Бакша гули на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу интересные история любви на казахском языке Бақша гүлі, Махаббат хикаясы: Бақша гүлі махаббат хикаялары вк махаббат окигалары mahabbat hikayalary истории о любви на казахском языке махаббат хикаялары видео казакша махаббат хикаялары