» » » Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ казакша Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ
І ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ІІ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМДІ ӨЛШЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1 ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ –ӨНІМНІҢ ДЕФЛЯТОРЫ
2.2 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ САЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, үсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Осы замандағы макроэкономикалық зерттеулерде тепе-теңдікке бағытталу көбінесе экономикалық агенттердің күтімдеріне түзету жасауға негізделеді, ықтималдық процесс деп түсініледі.
XX ғ. 40—60 жж. күтімдер концепциясының (негізін қалаушы швед экономисі Г.Мюрдаль) дамуы, макроэкономикалық мәселелерге жататын бірнеше экономикалық теорияларды, атап айтқанда экстраполяциялық, адаптивтік және рационалдық күтімдер теорияларын қалыптастырды: осы теориялар макроэкономикада жаңа классикалық мектеп деп аталады.
Неоклассиктер макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субъектілердің болжауларының қателіктерінің немесе, мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызады. Бұл жағдайда, экономикалық субъектілердің күтімдеріне сәйкес келетін (болжамдалған қателік дәрежесін есепке алғанда) экономиканың болмысының практика жүзінде қандайы болмасын, ол тепе-теңдік болмысы деп үйғарылады. Ал экономикада рационалды субъектілер
әрекет еткендіктен, олардың күтімдері, әдетте, орынды деп есептеледі және тепе-теңдікке жету үшін мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.
І ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Ұлттық экономиканың экономикалық тепе-теңдікте қызмет етуі
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотиюциясьш зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекелікіін әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтыну-шылардың) тауар нарығындағы және өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
• ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
• ұлттық экономика масштабында жұмыспен камтуды реттейтін факторларды айқындау;
• инфляцияның табиғатын талдау;
• экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;
• экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу;
• ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
• мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмүны мен формаларын теория жүзінде долелдеу.
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудін мак-роэкономикалық багыттарының ерекшеліктері болады.
Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің калыптасуының принциптерін, яғни ұлттық табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы колемін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық осудің қарқынын, т.б зерттеуді коздейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен тұтынушылар) агрегатталған жиынтықтар деп қаралады.
Осының нәтижесінде экономикалық өндірістердің іс-әрекеттерінің мотивтері былай тұжырымдалады: барлық бір-бірімен байланысты ұлттық өнім шығаратын өндірушілер біріктіріліп бір тұлға — жиынтық өндірушілер деп қаралады; ал өндіріс факторларын сатып, түскен табысқа нарықта осы ұлттық өнімге сұраныс жасайтын барлық тұтынушылар, біртұтас жиынтық тұтынушы деп қаралады.
Екіншіден, макроэкономикалық таңдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп каралса, экономиканы тұтас зерттеу, эко-номикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.
Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың бол-мысы мен дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтыну-шылардан басқа, экономиқаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айна-лып отырған мемлекет кіреді. Бұдан басқа, ұлттық экономиканың ашық үлгілерінде макроэкономикалық талдаудың субъектерінің құра-мына жиынтық өндірушілер мен тұтынушылар және басқа елдердің үкіметтері енеді. Микроталдауда, әдетте, фирманың, немесе, салалық нарықтың қызмет етуіне сыртқы экономикалық факторлардың әсері қаралмайды.

Микро және макродәрежеде позитивтік және нормативтік экономика таңданады. Позитивтік бағытта экономикадағы ақиқат байланыстар зерттеледі; экономиканьң әр түрлі аспектінің қызметіне және оның негізгі субъекгілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макродэрежеде көбінесе мемлекеттің экономикалық саясаты талданады.
Экономикалық теорияда макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен әдістері туралы мәселелер осы күнге дейін толық шешілмей отыр. Осы мәселе макроэкономикалық мектептер арасында әр түрлі, кейде мүлде карама-қарсы пікірлер тудырып отыр — біреуі мемлекеттің ұлттық экономикаға кірісуін толығынан мүмкін емес десе (марксистік емес классикалық экономикалық теорияның мектебі), басқалары,
керісінше, мемлекет макроэкономикалық мәселелерді шешуде басқа рөл атқарады деп тұжырымдайды (ортадокстық марксизм).
Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін әр қалай түсінудің теориялық негізін нарықтың өзін-өзі реттеу қабілетін және оның экономикалық дамудың дағдарыссыз жүргізу қабілетін әр түрлі түсінігін құрайды. Осы замандағы макроэкономикалық. теорияның сан алуан бағыттары мен мектептері бар. Кейбір жекелеген экономикалық ой-пікір ағымдарының өкіддері бір мәселе туралы қарама-қарсы пікір білдірсе, екіншісі туралы — келісім білдіреді, ал келесі мәселе туралы консенсус табуға тырысады. Осындай жағдайлар осы дәуірдегі экономикалық теорияны ғылыми тұрғыдан клас-сификациялауды елеулі қиындатып отыр.
Осы мектептер мен бағыттардың ерекшелігін сипаттағанда кейбір жағдайларды атап өткен жөн болады.
Бір жақтан, кейнсшілер мен неокейнсшілер, екінші жақтан, неоклассикалық синтез бен монетаризм арасындағы айырмашылық, олардың теориялық постулаттарының ерекшеліктерімен байланысты болып отыр. Алғашқы екі бағыттардың негізгі постулаттары мыналар: нарық экономикасы өзін-өзі реттей алмайды, информация жетімсіз, жинақтар және инвестициялар жасау шарттары бір-біріне парапар келмейді, бағалардың икемділігі төмен. Бұлар экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды ынталандыру максатпен мемлекеттің экономикаға белсенді кірісуін қажет етеді. Кеністік және неокеністік бағыттардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы, олардың әр түрлі нарықтардың қандайының жетімсіздігі артық екенін әр түрлі түсінуімен байланысты кеніс бойынша — еңбек нарығының, неокенісшілер бойынша - тауарлар мен қызметтер нарығының.
Неоклассикалық синтез бен монетаризмнің бастапқы жаратылуы классикалық мектеппен байланысты болған. Бұл мектеп нарық экономикасы өзін-өзі реттейді, баға туралы информация тиімді және бағаның икемділігі жоғары, табыстар өндіріс факторларының шекті өнімділігіне сәйкес бөлінеді деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, осы екі бағыттың Дж.М.Кейнстің макроэкономикалық теориясынан алғаны аз емес. Неоклассикалық синтездің өкілдері (мысалы, П.Самуэльсон) кеністік теорияны кәсіподақтьң еңбек нарығын монополиялап алған жағдайындағы экономиканың кыз-мет ету механизмінің ерекше жеке көрінісі деп түжырымдайды. Макроэкономикалық ой-пікірдің бағыты болып табылатын монетаризмнің (негізін қалаушы М.Фридмен) негізгі ерекшелігі
нарық механизмін реттеудегі және мемлекеттік ақша саясатын талдаумен байланысты инфляция мәселелерін шешудегі ақшаның мағынасын зерттеу болып табылады. Институционалдық — социологиялық бағыттың тарихи мектебінін ерекшелігі, оның негізгі зерттеу объектісі нарықтың теориялық үлгілері емес, дамудың әр кезеңдеріңдегі нақты экономикалық жүйелер болып табылады. Осы мектептің макроэкономикалық теорияға қосқан елеулі үлестерін атап өтейік: экономиканың циклмен тербелуін зерттеу; негізін Н.Д.Кондратьев жасаған ұзақ толқынды циклдар теориясын қалыптастыру; экономикалық дамудағы ҒТП, әр түрлі әлеуметтік топтар мен институттардың рөлін анықтау; әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешудегі нарықтың жетімсіздіктерін таддау; мемлекеттің инновациялық және әлеуметтік саясатын дәлелдеу.
Әр түрлі мектептер өкілдерінің көзқарастары бір-біріне үқса-маса да, олардың басым көпшілігі макроэкономикалық саясаттың басты мақсаты — нарық экономикасының қызмет етуінің тиімділігін және әлеуметтік бағытталуын жоғарылату деп мойындайды. Осы міндетті жүзеге асыру қажеттігі мемлекеттік макроэкономикалық саясатты мынадай негізгі мақсаттарды орындауға бағыттауды тілейді:
• тұрақты және тиімді экономикалық өсу;
• жұмыспен толық қамтамасыз ету;
• бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;
• әлеуметтік әділет және жұмысқа қабілеті жоқтарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету;
• мемлекеттің сауда және төлем балансының тұрақты болуы.
13.2. Ұлттық экономиканың экономикалық тепе-теңдікте қызмет етуі.
Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.
Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бүдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс кездеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.
Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін түңғыш долелдеген Л.Вальрас.
Микродорежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нөлге тең болады.
Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік эко-номиканы түсінуге жол ашады. Және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 5 | 10.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Тауар нарығындағы тепе-теңдік
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Тауар нарығындағы тепе-теңдік
Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Курстық жұмыс: Экономика | «Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | «Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялы
Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономика
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономика
Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
Курстық жұмыс: Экономика | Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттің ақша-несие саясаты
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттің ақша-несие саясаты
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сұранысты  қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы сұранысты қаржы бойынша пайдаланудың сипаттамасы

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар бухгалт, Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін