Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ

КІРІСПЕ
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, үсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Осы замандағы макроэкономикалық зерттеулерде тепе-теңдікке бағытталу көбінесе экономикалық агенттердің күтімдеріне түзету жасауға негізделеді, ықтималдық процесс деп түсініледі.
XX ғ. 40—60 жж. күтімдер концепциясының (негізін қалаушы швед экономисі Г.Мюрдаль) дамуы, макроэкономикалық мәселелерге жататын бірнеше экономикалық теорияларды, атап айтқанда экстраполяциялық, адаптивтік және рационалдық күтімдер теорияларын қалыптастырды: осы теориялар макроэкономикада жаңа классикалық мектеп деп аталады. Неоклассиктер макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субъектілердің болжауларының қателіктерінің немесе, мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызады.....
Курстық жұмыстар
Толық