Психология | Тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні

 Психология | Тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні

Мазмұны
І. Кіріспе...........................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.....................................................................................................4
ІІ.1. Тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні..........4
ІІ.2. Жеке адам психологиясы туралы теориялар. З.Фрейдтің теориясы ........5
ІІ.3. Неофрейдизм өкілдері: К.Г.Юнг, А.Адлер, В.Райх, Э.Фромм, К.Хорни.............................10
ІІІ. Қорытынды..................................................................................................20
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................21

І.Кіріспе.
Жеке тұлға - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Құдай қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені оның жаны да тәні де айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайларында ғана адам кісілік мән-мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуіне оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам жоқ. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни, оның қандай көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білім мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білім бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды-көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп ес білетін кісінің өмір жолын, ұстанған бағытын білдіретін мотивтер (түрткі, себеп) көп.
Адам табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға.
Осы ерекшеліктеріне орай, адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді. Мәселен, философия ғылымы адамның дүниетанымдық көзқарасын, ақыл-ой өрісін, санасын, анатомия мен физиология адамның денесі мен жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін қарастырады. Антропология – адамның қоғамдағы алатын орнын, табиғаттағы өзге құбылыстармен байланыстылығын зерттеуді мақсат етеді. Тарих ғылымы – адамның қоғам өміріндегі қарым-қатынасын саралауды, ал педагогика адамға білім беру жүйесін қарастырып, оның қоғамның белсенді азаматы етіп қалыптастыруды көздейді. Психология ғылымы болса, адам жан дүниесінің сырын, психиканың даму заңдылықтары мен жеке қасиеттерінің жетіліп, қалыптасу жолдарын зерттейді.
ІІ.1. Тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні.
Адамдарды зерттеудің ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды. Табиғаттағы ақыл-ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат-белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесіне (субъектіге) айналады.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпта дамыған, өмір тәжірбиесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қаситеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметінен заттарды ұстап-тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Материалдық-заттық қажеттіліктерге тамақ, киім-кешек, тұрғын-үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет-журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі, т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады.
ІІ.2. Жеке адам психологиясы туралы теориялар З.Фрейдтің теориясы.
Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде, Грецияда пайда болған. Ең әдепкі кезде пайда болып жайылған теорияның бірі – материалистік теория, мұны жақтаушылар Греция философтары Аристарах Эпикур. Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері, қылықтары, оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша, адам өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашан да жағымды сезімдерді турдырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады. Бұл теорияны жақтаушылар 18-ғасырдағы француз материалист-ағартушылары болып табылады. Олар жағымсыз сезімдерге қарсы шығып, дүниенің ең қызығы ешбір алаңсыз өмір сүріп, дүиненің бар қызығын көріп қалу, сол себептер адамдар өздерінің тұрмысында жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып, оларды қайтарып тастауы керек дейді. Француз психологтары мұқтаждық туралы физиологиялық ағымдармен байланысты, мұқтаждық адамның тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды дейді. Бұл биологиялық теория. Олар еш уақытта адамның мұқтаждығын биологиялық, физиологиялық ағымдарға апарып теңеуге болмайтындығын ескереді.
З.Фрейд 20-шы жылдары өзінің психикалық өмірдің концепциялық моделін қайта қарап, жаңа тұлға теориясына 3 негізгі құрылымды енгізді. “Иф”, “это” және “суперэто”. 3.Фрейд бұл 3 бөлікке жеке тұлғалардағы ерекше бір “құрылым” деп емес, жай ғана процестер ретінде қарауды ұсынды. Бірақ ұсынған құрылым болжам болып есептелді, өйткені сол уақыттарда нейроанатомияның даму деңгейі жеткілікті дәрежеде емес еді.
ИД. “Ид” (латын сөзі “Ол” деген мағынаны білдіреді) Фрейдтің пікірінше жеке тұлғаның инстинктті және тума аспектілерін білдіреді. “Ид” бейсаналылықта тұтастай функцияланады және біздің мінез-құлқымызды қуаттайтын биологиялық инстинкттілерімен (тамақ, ұйқы т.б.) өте тығыз байланысты. Ид Фрейдтің пікірінше ешқандай заңды білмейтін, ережелерге бағынбайтын қандай да бір биологиялық көлеңке – қараңғылық. Ид өзінің маңыздылығын адамның бүкіл өмір барысында сақтап отырады. Ол шектеусіз. “Ид” ләззаттану процесіне бағынады. Өйткені “Ид” қорқу немесе үрейді білмейді, өз мақсатына жетуде сақтық шараларын қолданбайды – бұл дәлел Фрейдтің пікірінше жеке адамға да қоғамға да қауіп төндіреді. Басқаша айтқанда идті соқыр патшамен салыстыруға болады. Ол билікті жүзеге асыру үшін өз қоластындағыларға сүйенуге мәжбүр болады.
Фрейдтің идті ағзадағы соматикалық және психикалық процестерге ара түсуші ретінде қарастырды.
Фрейд жеке тұлғаны ауыртпалықтан құтқаратын идтің 2 механизмін көрсетті. Рефлекторлық әрекеттер және алғашқы процестер.
Бірінші жағдайда ид қозудың сигналдарына автоматты түрде жауап қайтарады және тітіркену арқылы пайда болған ауыртпалықты бірден төмендетеді. Мұндай тума рефлекторлық механизмдерге мысал ретінде – жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуінен пайда болған жөтелді, көзге бір нәрсе түсіп кеткенде шыққан жасты келтіруге болады. Бірақ, мойындау керек рефлекторлық әрекеттер әрдайым тітіркену немесе ауыртпалық деңгейін төмендете алмайды. Осылайша бірде бір рефлекторлық қозғалыс аш балаға тамақ тауып бере алмайды. Рефлекторлық әрекеттер ауыртпалықты төмендете алмаған жағдайда әрекетке идтің алғашқы функциясы кіріседі. Ид алғашқы кезде негізгі қажеттілікті қанағаттандырумен байланысты. Объектінің техникалық бейнесін қалыптастырады. Мысалы, бала аш кезде осы аталған процесс ананың емшегін немесе бір шиша сүттің бейнесін елестетуі мүмкін.
Алғашқы процестер – адам елестетулерінің қияли, шындық пен жалғанды, өзін және өзі емес екенін айыра алмайтын формасы.
Адам алғашқы процестерге сай әрекет емес, қажеттілігн қанағаттандыратын объекті мен оның бейнесін ажырата алмай қалады. (Мысалы, су мен шөлде адамға су болып көрінген сағым). Мұндай жағдайлар адамды өлімге душар еткізуі мүмкін. Сондықтан Фрейд сәби үшін алғашқы қажеттіліктерді қанағаттандыруды кейінге қалдыру орындалмайтын талап болып есептеледі деп дәлелдеді. Қажеттіліктерді кейінге қалдыру қабілеті сәбилерде алғашқы кезде өз талап-тілектері мен қажеттілігінен басқа сыртқы әлемнің бар екенін сезінгенде қалыптасады. Осы білімнің пайда болуымен тұлғаның екінші құрылымы “это” қалыптасады.
“Это” (латын сөзі – “мен” деген мағынаны білдіреді) – бұл шешім қабылдауға жауапты психикалық аппараттың компоненті. Это сыртқы әлемнің шектеулеріне сәйкес идтің талап тілектерін орындауға ұштасады. Это өзінің құрылымы мен функциясын идтен алады. Осындай жолмен это ағзаны қауіпсіздендіруге және өзін-өзі сақтауына жәрдем береді. Тіршілік үшін күресте, жалпы сыртқы әлеуметтік әлемге қарсылық ретінде это әрқашан шындықтағы оқиғалар мен психикалық жүйені дифференциялап отыруы қажет. Мысалы, аш адам тамақ іздеуде мидағы тамақтың бейнесі мен шындықтағы тамақтың бейнесін ажырата білуі керек. Яғни, осы ауыртпалық төмендегенге дейін тамақты тауып, қолдана білуі шарт. Бұл мақсат адамды оқуға, ойлауға, қорытынды шығаруға, қабылдауға, шешуге, есте сақтауға және т.б. мәжбүр етеді.
Қажеттілікті қанағаттандыру табиғаты бойынша этоның идтен айырмашылығы, шындық принципіне бағынады. Оның мақсаты – ағзаның тұтастығын сақтау. Шындық принципі индивидке дөрекі қуаттарын әлеуметтік шектеулер шеңберінде пайдалануға, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Мысалы, жыныстық қажеттілік сәйкес объект және жағдай пайда болғанша кейінге шегеріле береді. Сонымен, обект және жағдай қарсы болса мінез-құлықты ләззаттану принципі басқарады. Шындық принципі біздің мінез-құлқымызға саналылықтың шегін береді. Это идке қарағанда шындық пен қиялды ажырата алады, адамның өзін қалыпты ұстауға жәрдем береді және рационалды танымдық әрекеттерге қатысады. Логикалық ойлаудың күшіне сүйене отырып это мінез – құлықты қажетті жерге бағыттап отырады, себебі инстинктті қажеттіліктер индивидке және басқа да адамдарға зиянын тигізбей қанағаттандырылуы керек. Сонымен, это – тұлғаның “орындаушы мүшесі” және ақыл-ой процестерінің жүретін облысы болып табылады.
Суперэто (латын сөзі “super” - “жоғарғы” және “edo” - “мен”) қоғамдық ережелер және мінез-құлық стандартын көрсететін тұлға дамуындағы соңғы компонент.
Адам қоғамда нәтижелі әрекет етуі үшін оны қоршаған ортаға сәйкес құндылықтары, ережелері мен тәртібі болуы қажет. Бұлардың барлығы “әлеуметтендіру” процесінде қалыптасады. З.Фрейдтің көзқарасы бойынша адам ағзасы суперэтомен туылмайды. Балалар оны ата-ана, оқытушы және т.б. қалыптастырушы (фактуралар) кейіпкерлерімен өзара қарым-қатынасы арқылы қалыптастыруы міндетті. Тұлғаның адамгершілік күші болып табылатын суперэто болашақта да баланың ата-анаға тәуелділігін жалғастырушысы болып табылады. Ол формальды түрде балаға “дұрыс” және “бұрысты” айыра бастағанда, жақсы және жаманды танығанда (шамамен 3 жастан 5 жасқа дейін) пайда болады. Алғашқы кезде суперэто тек ата-ана күткен мінез-құлықты көрсетеді. Бала әрбір әркетін қақтығыс пен жазалаудан қашып осы шектеулерге сәйкес орындауды үйренеді. Бірақ баланың әлеуметтік әлемі кеңейген сайын, (мектеп, дін және достарының арқасында) суперэто кеңістігі белгілі бір дәрежеге дейін үлкейеді.
Фрейд суперэтоны 2 жүйеге бөлді: ар және это-идеал. Ар ата-ананың жазалауы нәтижесінде қалыптасады. Ол ата-ананың “тыңдамайтын мінез” деп атап балаға сөгіс жариялаған қылықтармен байланысты. Суперэтоның мадақтау аспектісі – бұл это-идеал. Ол ата-ананың үнемі қолдап қуаттауынан немесе жоғары бағалауынан пайда болады. Ол индивидтің өзіне жоғары ұстанымдарды қалыптастыруына жетелейді және жоғары мақсаттарға ұмтылуына алып келеді. Егер мақсат орындалса, мақтаныш және өзін-өзі құрметтеу сезімін қалыптастырады. Мысалы, баланы мектептегі жеткен жетістіктері мен үлгілі тәртібі үшін мадақтаса, ол барлық уақытта өз жетістіктеріне мақтаныш сезімінде болып, жоғарғы мақсаттарға ұмтылады.
Ата-ананың бақылауы өзіндік бақылауға ауысса суперэто толық қалыптасты деуге болады. Бірақ өзіндік бақылаудың бұл принципі шындық принципінің мақсаттарына қызмет етпейді. Қоғамдық талаптарға жат қылықтарды толығымен тоқтатып, адамды сөзде, ойда, әрекетте шексіз жетілуге бағыттайды. Қысқаша айтқанда ол этоның идеялық мақсаттың шындықтағы мақсаттардан жоғары тұратынын мойындатуға тырысады.
Сонымен Фрейд теориясы бойынша адамның жеке тұлғасы 3 құрылымдық компонентті қамтиды. Ол, мен және жоғары-мен.
Ол ләззаттану принципіне бағынады. Ол инстинктті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін рефлекторлық әркеттер мен алғашқы елестетулерді пайдаланады. “Мен” шындық принципін басшылыққа алып әрекет етеді. Оның басты мақсаты - әлеуметтік шектеулерге сәйкес әрекет ету жоспарын дайындау. Бұл тапсырманы “мен” елестетудің екінші процестері арқылы шешеді. Тұлғаның дамуындағы соңғы құрылым “жоғары - мен” адамгершілік негіздерін көрсетеді. “Жоғары - мен” 2 құрылымнан тұрады: ар және идеал – мен.
“Жоғары-мен” бала мен әке қатынасы арқылы қалыптасады. Егер “Мен”, “Олдың” пайдасы үшін әрекет етіп шешім қабылдаса, бірақ бұл әрекет “жоғары-менге” қарсылықты болса, онда “Ол” өзін кінәлі сезінеді. Егер “Ол” қан арқылы берілсе, “мен” өмірден жинаған тәжірибе, ал “жоғары-мен” қоршаған ортадағы адамдар ықпалының жемісі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі