Психология | Жеке тұлға

 Психология | Жеке тұлға

Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Тұлғаның қоғамдағы алатын орны.
2.2 Жеке тұлғаны зерттеу бағыттары
2.3 Жеке тұлға типологиясы.
2.4 Жасөспірімдер тұлғасының қалыптасуы
ІІІ.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Өмірге жаңа келген нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, тонжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, кісінің аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде « Он үште отау иесі » ( қыз балалар үшін ), « Он бесте отау иесі » ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс - тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез - келгенді кісі дей атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматгық ар - ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жақсы, жаман, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, болады. Кісіліктің басты белглері бірі-ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл-парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез- құлықтың әр түрлі жағымды жақтары кісілік ұғымының төңірегінде топтасады. Тұлғаның жеке басынының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Жеке тұлғаның өмірінің бағытын көрсететін компоненттер өте көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызғутар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиетгері
Адамды әрекетке бағыттайтын қажетін өтеуге талпындыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив деп атайды. Қандай да болмасын объектінің себебін білмей тұрып адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән- жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне байланысты адам психологиясы әр түрлі өзгеріске ұшырап отырады. Осыған орай оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс- әрекет нәтижесінде ерекше әсер етеді.
Жеке тұлғаны қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Тұлғаның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процестерінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған.
А.Н.Леонтевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адамның өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар тұлға - белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойған жағдайдың шегінен тыс әрекет жасаумен сипатталады.
Л.И.Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады,-деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын түрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады.
Жеке түгға психологиясының неге бағытталғандығын көрсететш непзгі компоненттердің бірі - тұлғаның дүниетанымы мен сенімі.
Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Бірден-бір ақиқат дүниенің даму зандарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше кертартпа өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты көре тұра бұрмалау, пессимизмге салыну - кертартпа дүниетанымның басты белгісі. Тұлғаның дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанқиярлық күреске баулиды. Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қалыптасады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Тұлғаның алдына койған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекетімен тәжірибесіне байланысты бекіменген дүниетаным берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласьш жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі.Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері больш табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Кейбір тұлғалар кез-келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай " көрсе қызар " әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл – үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақгы қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т.б болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия, т.б); кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты, (эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу өнері т.б) бөлініп жатады.
Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсүге ықыласы кетіп отырады.
Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның, іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамдар саяси-қоғамдық мэселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми- теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.
Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен, бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері - мектеп. Мектепжасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар калыптасады. Қызығу көбінде баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға бейімділігінен туады. Бірақ, қызығулардың бейімділіктен бөлек те пайда болатын кездері кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді бейімділігі болмаса да, қызығуы өте күшті келеді. Мұндай қызығуды белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болады. Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әрекетпен айналысуы қажет. Мүғалім балалардың қызығуын тәрбиелеуде олаға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды түрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты, қабілетті адам болып шығады.Қай адамның болса да өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек, ғылымға негізделген түсінік қана, адамның сенімімен, іс- әрекетімен тығыз ұштасқан дүниетаным ғана бірден - бір дұрыс дүниетаным болады. Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші - сенім. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысында, ынтымықтықка кең жолы ашылғанда ғана шыңдала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім өмір көріністерін топшылау, кесіп-пішіп көру, тәжірибе жинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады. Сенім кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат- мүддесіне, бағыт- бағдарына айналған білім жүйесі. Мұндай дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы. Ал адамның алған білімі бөлек- бөлек кірпіш сияқты шашылып жатса (әңгіме білімді қалай болса солай, жеңіл « меңгеретіндер » туралы болып отыр), әрине, ондай білім түкке тұрмайды. Тек зердесіне қуиылған, саналылықпен меңгерілген, белгілі жүйемен алған білім ғана адамның дүниетаньімына негіз бола алады. Сайып келгенде, ғылымға негізделген белгілі дүниетанымы, айқын мақсаты бар адамның ғана пеихологиялық қасиеті жоғары болатыны белгілі. Ондай адам үнемі ар- ұятымен жүріп-тұрады. Мәселен, бір адам жұмыс үстінде ағаттық істеп, қателескен екен дейік. Оның қатесін жасырып, бүркеп қалуға да мүмкіндігі бар еді, бірақ өзі бұл ағатгығын адамгершілікке жатаайтын қылық деп түсінеді. Жаңағы қателескен адам өзінің қатесін мойынына алуды бірден-бір дұрыс деп табады.
Жеке адамның психикасын нұрландыратттын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақгы, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш- жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухында тәрбиелеу - бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.
Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттердің бірі- талғам. Бұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позициясына, бағыт пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысты жатады. Талғамға адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі елеулі әсер етеді. Модаға байланысты да тұлғаларда түрлі талғамдар орын алып отырады. Мысалы кейбір тұлғалардың киінуін талғамы дұрыс қалыптасқан деп айту қиын. Себебі дұрыс талғам дұрыс, жүйелі жақы тәрбиенің нәтижесі.
Қызығу, сенім, мұрат, талап тұлғаны әр кезде іс-әрекетке итермелеп отыратын ең негізгі қозғаушы әрекеттер болып табылады. Бұлар тұлғаның басында айқын да анық сәулеленіп отырады. Бірақ мотивтердің кез- келгені оғындай пәрменді болып келе бермейді. Мән-мәнісі адамдарға онша айқын емес, көмескі күңгірт болып көрінетін әрекеттер де толып жатыр. Осы топтағы мотивтердің қатарына бағдарды жатқызуға болады. Тұлғаның қажеті мен мақсатын жөндеп сезіне алмаған жағдайы бағдар деп аталады. Бұндай жағдайды күнделікті өмірде де жиі кездестіруге болады. Мысалы, брінші класс оқушылары үшін мұгалім қай жағынан да аса беделді адам. Оның ақ дегені ақ, қара дегені қара. Сондықтан да олар кейде кейбір мұғалімдердің теріс өнегелерін де талғамай қабылдай береді.
Тұлғаның жеке-дара ерекшеліктері
Бүгінгі танда тұлға психологиядағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қазіргі қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жеке тұлғаларды қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Жеке түлғаның өзіне тән қасиеттері, қабілеті, мінез-құлқы, ата-анадан алған тәрбиесі, ұстаздан алған тәрбиесі, тәжірибесі, білімі, қызығушылығы, сүйіспеншілігі, жалпы алғанда әр адамның өзіне тән жеке-дара ерекшеліктері болады.
Тұлғаның қалыптасуьша отбасында ата-ана, мектеп орындарында ұстаз, қоршаған ортада достары, ұжым ерекше орын алады. Кеңес психологиясында тұлға деп - қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.Тұлға - белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі болады.Осы айтылғандардың жиынтығы оны "жеке адам, жеке тұлға" етеді.
Психология пайда болғаннан бастап ондағы негізгі зерттеу объектісі адамның қоршаған әлеуметгік ортамен байланысы ерекше көңіл аудартты. Қоғам - адамның карым - қатынасы, табиғат пен басқа объектілерімен байланысы жүзеге асатын орта. Оның құрамына әр түрлі топтар кіреді: үлкен және шағын, реалды және номиналды, алғашқы және екінші ретті. Яғни адамзат қоғамының негізі - топ, өйткені коғамның өзі -ақ үлкен топ болып табылады. Бүл топтардағы адамдар әр түрлі әлеуметтік қызмет аткарады.
Адамдардың қарым - қатынасы, коғамдық және әлеуметтік қызметі мәнді өту үшін олар белгілі жеке қасиеттерге ие болуы керек. Яғни әрқайсысы жеке тұлға болып табылуы қажет. Қабілет темперамент, мінез-құлық, қажеттілік және сезімдер сияқты адамға тән психологиялық қасиеттерді салыстыру нәтижесінде XIX және XX ғасырда психологияда жеке тұлға деген үғым пайда болуына алып келді.
Тек психология ғана емес, баска да кез-келген ғыллымда зерттеліп анықталатын бұл үғымның түсініктері мен сипаттары түрліше:- Мысалы, философиялық еңбектерде «жеке тұлға - қарым - қатынас және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі адам, берілген қоғам жәй топтың өкілі ретінде белгіленген әлеуметгік мәнді қасиеттердің тұрақты жүйесі, педагогикалық еңбектерде «өмір бойында өзінде калыптасатын әлеуметтік қасиеттер, белгілердің жиынтығы анықтайтын адамның қоғамдық мәні» деп көрсетілген. Ал психологияда «жеке тұлға - өзінің бойында сана мен өзіндік сипатты дамытушы, өз ақылын қалыптастырушы және сол арқылы өмірде дербес өмір сүруші индивид».
Жоғарыдан байқағанымыз жеке түлға деп арнайы қасиеттері бар, өз алдына қойған мақсаттарды орындауға күш жұмсайтын құндылық бағыттары, принциптері анықталып тұрақталған психикалық даму деңгейі жоғары адамды айта аламыз. Ол берілген касиеттердің көмегімен қоғамда белсенді қызмет атқарып, жоғары рухани қарым -қатынас жасайды.
Яғни бүл үғым адамның әлеуметтк-психологиялық сипаты немесе адамдардың бір-бірінен айырмашылығы.
Өмірде жеке түлға деп баскалардан өз іс -әрекеттері мен ерекшелінетін адамды атайды. Бұл адам әдетте саналы өзіндік шешімдер кабылдады, қиындықтарды жеңеді. Ол психологиясы тұрғысынан басқаларға ұқсамай, айқын индивидуалдық ерекшеліктерге ие, көптеген сұрақтар бойынша өз пікірі, сенімі, принциптері, моралі болады және оларды катаң сақтап, сырттан келетін психологиялық қысымға қарсы түрып, өзін тәуелсіз ұстайды.
Ғалымдар жеке түлға психологиясын ұзақ уақыт бойы зерттесе-де бұл ғылымның пайда болғанына небары 100-ақ жыл болды. Мұндағы көптеген ғылыми сұрақтарды түсінуде біркелкілік жоқ. Сондықтан қазіргі уақыттағы жеке тұлғаны зерттеу әдістерінің кемшіліктері бар. Осы себеппен негізделген жеке түұлға теориялары аныкталып аякталған деп психологтар айта алмайды.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!