Психология | Тұлға аралық ортақтасу түрлері
1. Тұлға ұғымының педагогикалық-психологиялық негіздері
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
А.Н. Леонтьевтің [6,Б.11] пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттері мен рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады.
Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады
[14,Б.114]. Адам бойындағы танымдық қасиеттерін қарастырмас бұрын жеке тұлға ұғымына тоқталып өтейік.
Жеке тұлға атауын отандық ғалымдар “жеке адам”, “дара тұлға”, “даралық”,”жеке тұлға”, “адам”,”кісі” тағы басқа ұғым ретінде қарастырады. Біз ғылыми еңбегімізде “жеке тұлға” деп қарастыруды жөн көрдік. Өйткені, “жеке тұлға” ұғымы көп мағыналы, біріншіден даралық қасиеттердің бірлігі және әлеуметтік рольдегі іс-әрекеттің субъектісі, екіншіден басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісінде еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі ретінде сипатталады.
Белгілі психолог Б.Г. Ананьевтің еңбегінде “Адам –физиологиялық, психологиялық жағынан қалыптасып келе жатқан тіршілік иесі. Адам еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шығып, тілдің көмегімен бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын, дүниені танып білетін оны өзгертетін және еңбек құралдарын жасайтын жағдайға біртіндеп ие болды. Оның өмірдегі көрінісі физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік ерекшеліктеріне, даралық қасиеттеріне байланысты жеке адам немесе жеке тұлға екендігінен көрінеді”-деп қарастырады [18,Б. 8].
Тұлғаның дамуы мен жан-жақты қалыптасу мәселесі, оның тарихы болашағы туралы көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Республикамызға танымал ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев: “жеке тұлға - тек адамзатқа арналған. Жеке тұлға - жеке даралық, психикалық қасиеті және әлеуметтік қызметі бар нақты қоғамның мүшесі” [5,Б.9].
Педагогикалық-психологиялық еңбектерді жүйелей келе жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін төмендегідей бағыттарға бөлдік:
- психологиялық, яғни жеке тұлғаның белсенділігін, қалыптасу жағдайларына жауап іздейтін, белгілі бір нәрсеге ұмтылып, оны керек ететін, тіршілік етуде белсенділік танытатын бағыт;
- жеке тұлғаның іс-әрекетін зерттейтін бағыт;
- жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт;
- жеке тұлғаның ішкі психологиялық құрылымын зерттеу бағыттары.
Бұл жөнінде, А.Н.Тугаринов: “Жеке тұлғаны жауапкершілік пен саналылықты ішкі қасиеттерімен сәйкес құқық пен еркіндікке сай қолданған адам”, - деп көрсетеді [5,Б.7]. Ал, зерттеуші Т.Тәжібаевтың еңбегінде: “Жеке адам әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі” - деген түсінік беріледі [2,Б.3].
Ал, Ә. Алдамұратов “Адам - табиғатта кемелденіп жетілген, ақыл ойы дамыған қоғамдық тұлға” деп анықтама берсе [24,Б.7], зерттеуші К.К. Платонов: “Жеке тұлға - қоғам мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады”, - деп тұжырымдайды.
Жоғарыда аталған еңбектерді сараптай келе “жеке тұлға” ұғымына өзіндік тұрғыдан анықтама беруді жөн көрдік.
Жеке тұлға дегеніміз - сана сезімі, тұлғалық, ізгілік қасиеті қалыптасқан, өзіндік мақсаты мен өмір жолын таңдай білетін, тәрбиелі, білімді, іскер, танымдық қызығушылығы басым, барлық күш жігерін өзіндік игілігіне жұмсай алатын, саналы тіршілік иесі.
Осы тұрғыдан келгенде жеке тұлға мәселесін зерттеу жүйесінде сана-сезімін, адамзат психикасының күрделі мәселелерінің пайда болуын зерттеуде философия, психология, педагогика, этика, физиология, әлеуметтану, құқықтану, жаратылыстану, медицина т.б. ғылымдармен тығыз байланыстыруда өмір бойы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын жеке тұлғаның даму үрдістерінің заңдылықтарын педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста зерттеуде әртүрлі ғылыми жаңалықтар енгізіліп отыр.
XX ғасырдағы психолог ғалым А.Н. Леонтьев: “Менің өмірімде нені меңгере алдым, я болмаса соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым, оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін, маңыздылығы қандай …” – деп “мән” мен “маңыз” ұғымдарының мағынасын зерттеген [9,Б.16]. Бұл арқылы біз, оқушылар мен студенттерге берілген білім мен тәрбиенің қаншалықты меңгерілгендігін үнемі бақылап отыруымыз қажеттігіне мән берілуі тиіс деп ұғынамыз.
Бірінші курс студенттерінің жас шамалары деңгейлес болғандықтан бір кезеңге тоғыстыруды жөн көрдік. Жоғары сынып оқушыларының жас кезеңі – жас өспірімдік шақтан жастық шаққа ауысудағы өмірлік кезең. Жастық шақ адам өміріндегі көптеген өзгерістермен анықталады. Өмірдің бұл кезеңінде физиологиялық жетілу процесі аяқталады. Адам қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік статусты игереді. Бұл кезеңдегі жастардың негізгі проблемаларының бірі - өзіндік сана сезімнің дамуын айтуға болады. Құндылық бағдарлауы, мамандық таңдауы және ересектер өміріне аяқ басуы мен жеке өмір сүруі қалыптасады. Бір топ ғалымдарымыздың пайымдауынша “Жастық шақ“ 16-18 жас пен 22-25 жас аралығы болып есептелінген. Біз осы ұсынысқа сүйене отырып, жоғары сынып оқушылары мен бірінші курс студенттерін осы топқа енгіздік. Бұл кезеңде адамның жеке тұлға болып қалыптасуына жанұясы, қоршаған ортасы, тәрбие, салт-дәстүрлер әсер етеді.
ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы психологтардың шығарған теориялық көзқарастары жастық шақтың романтикалық концепциясы болады. Оның жалпы пішінін Жан Жак Руссо ұсынған болатын [6,Б. 22]. Психолог Гезеллдің пікірі бойынша 11-21 жасқа дейінгі аралық жастық шақтың еншісінде, осы шақ балалықтан үлкендікке өту кезеңі болып табылады. 11-16 жас аралығының маңыздылығын ескерте отырып, Гезелл он жасты “алтын жас“ деп атайды [6,Б.11]. Мүшелі жасқа өту кезеңінде бала өмірдің қиыншылықтарын жеңіл қабылдап, сыртқы жағдайларға аз көңіл бөледі. Ересек шаққа өту кезеңінен бастап, жас өспірімдердің өзіндік ойымен философиясы қалыптаса бастайды.
Философия ғылымы жеке адамның дамуын, дүниетанымын, қоршаған ортамен байланыстылығының басты қасиеттері жайында зерттейді. Философия тілдің танымдық қызметін санамен байланыстырады. Терең де орнықты білім мен іскерлік дағдылары адамның теориялық, дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Дүниетанымның түрлерін тоқталып өтелік:
- ағартушылық - ғылыми дүниетаным адам үшін қоғам мен табиғат әлемін анықтайтын ағартушылық сананы қалыптастырып, философиялық принциптер методологиясы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады;
- тәрбиелік - қабылданған көзқарастар мен сенімдер нәтижесі адамнан шындыққа негізделген моралдық-ерік бастамаларымен эстетикалық қатынастарды талап етеді;
- дамытушы - дүниені қабылдау мазмұнын меңгеру арқылы, ішкі рухани қозғалыс әсіресе ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді. Ғылыми дүниетаным негізінде ойлаудың дамуына түрткі болатын және шығармашылыққа ынталандыратын диалектикалық тәсілдердің принциптері жатады;
- ұйымдастырушылық - адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті барысында қолайлы позиция болып табылады;
- болжамдық - ғылыми дүниетаным, ғылыми теория және тәжірибенің меңгеру белгілерімен алға жылжуы;
- тәрбиелік мақсаты - баланың тұлғалық құрылымының тұрақтылығы мен сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа қоғамға және ойлауға деген қатынастың негізінде мінез құлық пен ерік сезімдердің санадағы бірлігін айқындайды.
Жеке адамның өзіндік сана сезімінің әртүрлі себептері - адамның өз-өзіне қарым-қатынас жасауы, яғни мұның өзіндік іштей сөйлеудің дамуына, ойлаудың, танымдық қасиеттердің жеткілікті түрде қалыптасуына абстракция және жалпылау сияқты индивидтің өзінің “Мен” туралы ұғымын, көрінісін құруға мүмкіндік беру үшін және “Менін” басқалардан ажырата алуы үшін қажет [65,Б. 12].
Жалпы айтқанда, әрбір жеке адам қоғам тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырғандықтан оның түрлі ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтарын да дамып өзгеріп отырады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі. Ой еңбегімен дене еңбегі арасында танымдық іс-әрекет шығармашылық қабілетін арттыруда жаңалық ашушы мен тудырушы болып табылады.
Таным - рухани өндірістің (ғылым, эстетика, діни, парасаттылық және т.б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше қызметі ретінде көрінеді. Таным - адамның табиғатқа белсенді түрде әсер етуінен, табиғат заттарын өңдеуден, зат қасиетін өндірісте пайдаланудан бағыт алады [66,Б.6].
Танымдық қасиеттер - оқушының тіл байлығының дамуынан, ойлау қызметінің артуынан байқалады. Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің артқаны. Оқушы білімді уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді.
Аталған тұжырымдарға орай отандық психолог С.М. Жақыповтың “Психологическая структура процесса обучения” еңбегінде оқу-тәрбие процесінің тиімділік, дәстүрлік оқыту жүйесімен жаңаша оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекеттің жолын ұсынады [67,Б.15]. Ғылыми еңбектерді сараптай келе танымдық іс-әрекеттің жүргізілу жолдарын төмендегідей бағыттарда жүйеледік:
бағыттылық - жеке адамның маңызды қасиеті, адамның қоғамдық тірі ағза ретінде дамуының динамикасы;
қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі;
мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты;
түрткілер - қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе идеалдық объектісі және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-қозғалыстар;
мотивация - бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі;
темперамент - индивидтің психикалық әрекетінің жүйкелік динамикалық ерекшелігі жағынан мінездеме беру;
қабілеттілік - қандай да бір немесе бірнеше әрекетті жемісті атқарудағы психикалық қасиет;
мінез-құлық - адамның өміріндегі қарым-қатынасты оның барлық қимыл-қозғалыстары мен қылықтарының танылу ерекшеліктері немесе белгілері;
белсенділік - қоршаған ортадағы ақиқат шындық пен өзара қимылының өлшемі, кез-келген әрекеттің немесе қимыл-қозғалысы орындалуындағы өнімділігі және қарқындылығы;
өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін реттеуге бағытталған;
талаптану, ниеттену - мінез-құлықтың мотивициялық компонентіне жатқызылады;
ерік - кедергі қиыншылықты жеңудегі қажеттілік.
Адам - өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланып, қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызып, өз қажеттіліктерін өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа жетуге тырысады [8,Б.12].
Ал, қажеттілік - адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы. Қажеттілік - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз сараптай келе зерттеу жұмысымызда “түрткі” деп қарастыруды жөн көрдік.
Ал, түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда қызығушылық пайда болады [6,Б.17]. Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас. Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша айтқанда түрткіні тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Түрткі жөнінде және оған анықтама беруге байланысты ұсынылған пікірлер баршылық. Мысалы:
- түрткі психологиялық құбылыс, іс-әрекетке деген ынта-ықыласты қозғаушы күш, қызығушылық;
- түрткі әрекеттенуші тұлғаның таңдауына лайықты болған себепке байланысты қарым-қатынас;
- түрткі өзінің қажеттілігін өтеудегі бағдары және іс-әрекет пен қарым-қатынастағы адамның санасындағы түрткінің көрінісі т.б.
Осындай анықтамаларды қорыта келгенде түрткі - қажеттіліктің өзі емес, оның құралы және тұлғаның бағдарлайтын жол екендігін мойындап, мынандай тұжырым жасауды орынды деп білеміз.
Түрткі - қажеттілікті өтеудегі тұлғаның ізденуі, іс-әрекет, қарым-қатынастағы белсенділігі, ұмтылысы, үміт еткен қызығушылықтың нәтижесіне жетуге іс-әрекет жасауы. Қызығу - заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыттылған адамның біршама тұрақты ерекшелігінің бір көрінісі.
Сөйтіп, адамның қызығуы - асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойланудан туындайды [7,Б.14-18]. Түрткілер мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттің пәнге қызығушылығы, келешек мамандыққа байланысы жоқ (сурет, ән, әдебиет, спорт т.б.). Бұл әрекетте мұғалім оқушыны белгілі мақсатқа ынталандыру қажет
Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немесе іс-әрекет адамның айқындалған белсенділігінің негіздерімен байланысты болғандықтан, іс-әрекеттің себептеріне айналады және оны үш категорияларға бөлуге болады:
1. Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, ағзаның туа біткен немесе қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіліктерді білдіретін жүре біткен сипатта болуы мүмкін.
2. ыртқы негіздер. Олар адамның іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен анықталады. Мұндай негіздерге талаптану, үміт күту сияқты мүмкіндіктері жатады.
3. Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделері, ұмтылыстары, бағдарламалары, сенімімен, дүниеге, қоғамға көзқарастарымен, өзі туралы түсінігімен анықталады.
Г.И.Щукинаның зерделеуі бойынша оқушылардың танымдық қажеттіктерін қалыптастыратын ықпалды жолдар, танымдық қажеттілік ынталандыруының негізгі көзі, оқу материалдарының мазмұны, оқушыға әкелетін алдағы ақпараттардың белгісіздігі, таңқаларлық сезімдерді оятатын, айқын құбылыстарға жаңаша қарауға мүмкіндік беретін, білімді жаңа өлшемдерді ашатын материалдар; ғылыми білімдердің пайда болуы мен даму тарихын айқындайтын, алған білімдердің практикалық мәнін сипаттайтын мазмұны тұрғысында негізделеді. Яғни, танымдық қызығушылықтың негізі ойлау үрдісі болып табылады. К.Д.Ушинский еңбектерінде танымдық қызығушылық оқушының білімге, бір нәрсені білуге құштарлығын арттырып қана қоймайды сонымен қатар айналадағы бізге белгісіз, жұмбақ, сырлаға жауап іздеуге ұмтылады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына ең алдымен пән мұғалімдерінің ықпалы зор. Ол үшін мұғалім сабақта қызықты, тартымды оқыту үшін жиі пайдаланатын әдістерді оқу барысында пайдалануында екі маңызды мақсаттарды ескергені жөн.
1. Танымдық қызығушылықты тек қана оқыту, балаларды сабаққа тарту, қызықтыру құралы деп қарамай, сонымен қатар баланың ішкі психологиялық жан-тербеністері, жекелік ішкі үрдістерін қалыптастыруда маңызы ерекше әсер деп қарау.
2. Оқушының өзінің көңілі қалаған сабағын оқуына жағдай жасау немесе сабақты ішкі сезіммен ұнату, ұнатпауын қадағалап сол арқылы ықпал етді..............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?