» » » Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері

Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері

Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері казакша Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері на казахском языке
Мазмұны
І Бөлім: Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері.
1.1Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынастың психологиялық сипаты.
1.2Жасөспірім жасындағылардың зейін қасиеттерінің ерекшеліктері.
1.3Жасөспірім жасындағылардың қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің ерекшеліктері.
ІІ Бөлім:Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің
деңгейлерін эксперименталды зерттеу.
2.1. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін зерттеу әдістері мен процедуралары.
2.2. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін зерттеудің нәтижелері.
2.3. Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зеиін қасиеттерін дамытатын
тәсілдер.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе
Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің келемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері» осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерішң жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Жұмыстың езектілігі:
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның міндеті болашақ педагогтарды, психологтарды, өндіріс басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерді қызығушылықпен орындауға байланысты, Соның негізінде бағыты белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шоғырланған тұлға қалыптасады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.
Әлеуметтік психология мен жалпы психология аймағында қарым-қатынас және зейін проблемасы жан-жақты қаралады.
А.А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке теңейді. В.А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі ғалым И.Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды, Т.А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
В, Вундт сана мен зейінді байланыстырады. Дегенмен, әлі де жеткіліксіз жақтары көп. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байданыстары қаралмаған.
Зейін өзіндік психикалық процесс болып саналмайды, ол тек адамның психикалық іс-әрекетінің компоненті ретінде болады. Зейінді іс-әрекетте әр түрінен зерттей отырып біз оның бірліктегі мазмұны мен формасының шоғырлану құрылымын түсінеміз.
Іс-әрекетте зейіннің мазмұнды болуының нәтижесінде оның қасиеттерінің динамикалық - ерекшеліктері мен функцияларының көпжақты байланыстары пайда болады.
Зейін - бұл адамдардың іс-әрекет процесі мен олардың өзара қатынасының шоғырлануына бағытталғак.
Өз көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.
Қарым-қатьнас - екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың бір факторы екені де белгілі, Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.
Сондықтанда сырт жерлерден келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу жұмысының объектісі
Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін эксперименталды зерттеп, коррекциялық тәсілдермен дамыту.
Зерттеу жұмысының пәні:
Қарым-қатынаста зейін қасиеттері көлем, тұрақтылық, шоғырлану
деңгейлерін диагностикалық әдіспен анықтау және қасиеттерді дамыту
процестері арқылы зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерінің деңгейін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
І.Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынас пен зейін мәселелері туралы
әдебиеттер мен материалдарга психологиялық талдаулар жасау, 2.Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынас пен зейіннің өзекті мәселелеріне теориялық талдаулар жасау.
3.Жасөспірімдердің қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің орнын анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
1. Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттері эффективті түрде орын алғанда қатьшас нәтижелі болады.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі.
Кеңестік психологияда қарым-қатынастағы зейін мәселелеріне көптеген методологиялық және теориялық зерттеулер арналды, олар А.А. Леонтьев Г.М. Андреева, В.М. Бехтерев, А.А, Бодадев, С.Л. Рубинштейн, Н.Ф. Добрынин, Д.Н. Узнадзе, П.Я. Гальперин, А.А. Ухтомский және т.б. ғалымдардың еңбектерінен өз бейнелерін тапты. Ал, шетелдік психологияда Т.А. Рибо, У. Джеме, Н.Н. Ланге жөне т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылған қарым-қатынастағы зейін мәселелері жайлы көзқарастарына теориялық талдаулар жасалды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы,
1. Кеңестік және шетелдік психология әдебиеттердегі талдаулар зейін мен қарым-қатынас мәселелерінің жеткілікті түрде талқыланғанына себеп болады. Зейіннің қасиеттері зерттеліп, іс-әрекеттің нақты бір типіне байланысты құрылымы да анықталған. Жалпы іс-әрекетте зейін мен жеке қасиеттердің қызметі анық және жеткілікті түрде берілген. Бірақ осы жүйелердің сипаттамасы қарым-қатынаста және біріккен іс-әрекетте аз еңделген. Яғни, жүмыстың ғылыми жаңалығы да зейіннің жеке зерттелуіңде емес, қарым-қатынаста зерттелуінде болып отыр.
І.Бөлім; Жасөспірімдердің зсйіні мен қарым-қатынасының психологаялық ерекшеліктері,
1.1. Жасөспірімдік шақтағы қарым-қатынастың психологиялық сипаты
Психология ғылымындағы негізгі үғымдардьщ біреуі - қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Қарьш-қатынас адамның тіршілік әрекетінің маңызды негізі бола отырып, ертеден барлық ғалымдар үшін қызықты тақырыптардың бірі екені анық. Біздің назарымызды студенттердің қарым-қатынасындағы ерекшеліктер толғандырып отыр. Себебі қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптастырудың бір факторы екені белгілі. Ол студенттердің топтық іс-әрекеттерін реттеуші және адамгершілік, эстетикалық қүндылықтардьі, мінез-қүлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болын табылады. Сондықтан жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынас жасауындағы ерекшеліктерді анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Қарым-қатынас айналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі сияқты ілгері басады, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынастың басқа адамдарға қоғамдық маңызын айқын көрсетеді.
Қазіргі таңда студенттердің коммуникативтік икемділігін, бір-бірімен қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қаблетін қальштастыру үшін педагогикалық теория және жоғары оку орындарында тажірибе, диалогтік және пікір таластық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Бұндай әдістемелер жастардың қарым-қатынас барысында икемділігін көрсете білуін және өз көзқарастарын дәлелдеп, сұрақтарды нақты жеткізе білу қаблеттерін қалыптастырады. Ал студент - болашақ маман, сондықтан коммуникативті икемділікті дамыту барысында да, өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың мол болуы қажет.
Қарьш-қатынастың шынайы түрғыдан әр түрлі жолдары бар. Жоғары оқу орнына қабылданған студенттерді алғашқы күндерінен бастап-ақ оқуға ынтылығын арттыруға ұмтылып, қарым-қатьнас мәдениетінің кейбір өлшемдерін меңгеру аса маңызды болып табыдады. Себебі, студент қауымының ішінде тұлғалық көрсеткіші, мәдениеттілігі мен іскерлігі, әдептілігі жағынан «нашар» көрінгісі келетін студент жоқ. Оны Ж.Ж. Руссо өһзінің «Исповеди» атты еңбегінде бейнелейді: «Менің бірінші ең үлкен, ең күшті қажеттілігім тұтастай менің жүрегімде қортындыланды: бүл мүмкін болатын интимдік жағдайда тығыз қарым-қатынастағы қажеттілік».
Шартты түрде қарым-қатынастағы қажеттіліктің негізгі екі формасын белуге болады:
1) қарым-қатынас іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілі ретінде;
2) қарым-қатынас адамның басқа адамның рухани қажеттілігіне қанағаттануы ретінде;
Ол жастық аспектте де әр түрлі кезеңдерден өтеді және ол жүйелік тәсіл аймағында да өте қажет. Жастық аспектіні қарастыруда қарым-қатынас қажеттілігінің дамуы әсіресе тәсіл мен «көлем» оның тұлғаны қалыптастыруда қанағаттануы да маңызды.
Студенттік шақтағы психофизиологиялык сипаттаманы орташа алғанда 17-ден 25 жасқа дейін ор түрлі жастағы субъектілермен бейнеленетін кезеңдермен күрделенеді. Сондықтанда студентгік кезеңнің заңды және спецификалық сипатын бір жастық сызықта ашу ең қарапайым себепке байланысты қиындық туғызады, әр жастық кезең өзінше ерекшеленеді.
Сондай-ақ жалпы заңды сәттерді жоққа шығармайтын психологиялық сипаттар да бар. Атақты ғалым Б.Г, Ананьев кеш жасөспірімдік және ерте жасөспірімдік кезеңді анықтай отырып, былай деп жазады: «дәл осы жаста есте сақтаудың белсенділігі мен зейін ауыспалығының жылдамдығы, вербальді-логикалық тапсырмаларды шешу және т.б, жиі байқалады. Осы шақта әлі оқуға жеткілікті түрде пайдаланылмаған синзитивтік кезең орналасқан».
Синзитивтік кезең тұлғааралық өзара әрекеттердің дамуы үшін өте қолайлы. Оқымыстылардың зерттеуінше жасөспірімдік кезеңде мақсатқа бығыттылықты дамыту үшін қарым-қатынас өте қажет. Г.С. Абрамованың бағалауынша жасөспірімдіктің шекарасы адамның міндетті түрде қоғамдық өмірге қатынасу жасымен байланысады.
Әсіресе қарым-қатынастағы қажеттілік студентіердің бірінші курстарында көрінеді. Олардың көпшілігінде жоғарғы оқу орнына түскенге дейінгі жеке байланыстар үзіледі (жанұямен, достармен). Үйренбеген жаңа. ортада интенсификация (күшейту) болады. Яғни тек басқаны ғана танып қоймай өз-өзін тану да қатар жүреді. Айналадағылармен үйреншікті өзара қатынастың бұзылуы сирек невротикалық бұзылыстардың көрінуіне әкеледі. Психологиялық кеңес беруде, психотерапияда жұмыс істейтіндердің айтуынша оларға кемек сұрап баратындардың көпшілік проценті 17 ден 25 жасқа дейінгі жастар. Көптеген адамдар дәл осы студенттік шақта пайда бодған қарым-қатынастың стихиялы стилін түзетуді қажет ететінін түсіне бастайды. Оларға айналадағылармен өзара қатынастың міндеттерін қайта құруға тура келеді.
Бұл ез кезегінде көп ойланатын жастарды өзін терең түсінуге, өзінің жеке сапаларын, жетістіктері мен жеткіліксіз жақтарын түсінуге, өз-өзін тәрбиелеумен айналысуға итермелейді.
Қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, тіпті олардың кәсіби және әлеуметтік-психологиялық бейімделуінде де маңызы өте зор.
Сондықтанда студенттердің арасында топтық қызығушылықтарын қорғауымен байланысты хабарлай отырып орындауға болатын ұжымдық бағытта жүретін тапсырмалардың маңызы өте зор. Студенттер коммуникативтік дағдылар қажеттілігінің маңыздылығын, қатынастың дамуын айқын меңгереді.
Жоғарғы оқу орнына келген студенттер алғашқы кездерде әр түрлі жағдайлық сензитивті кезеңдерді, жаңа талаптар мен ықпалдарды жоғары қабылдайды.
Студенттердің қарым-қатынас стилін қадыптастыруда осы кезеңнің маңызы өте зор, бірақ жиі оны ешкім ешқалай ескермейді. Осы кезеңде ойластырылған недагогикалық өзара әрекеттер маңызды түрде студенттердің әлеуметтік өмірдегі тәжірибелерді меңгеруі, көптеген әр түрлі әлеуметтік топтармен байланысты құруы, қаблетілікті, жолдастықты, достықты дамытуы, тәжірибемен, ақылымен, мұңымен, көңіл-күйімен бөлісе білуі ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 42 | 2.01.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау
Курстық жұмыс: Психология | Қарым қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Психология | Қарым қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу
Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі
Дипломдық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейі
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейі
Дипломдық жұмыс: Психология | Студенттердің қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін зерттеу
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Психология | Студенттердің қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін зерттеу
Презентация (слайд): Ересек адамдар мен жасөспірімдердің тіс-жақ ауытқуларын ортопедиялық емдеу
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Ересек адамдар мен жасөспірімдердің тіс-жақ ауытқуларын ортопедиялық емдеу
Презентация (слайд):  Психология|Зейін
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Психология|Зейін
Педагог - психологтың 2014 – 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
KZ
Педагог - психологтың 2014 – 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін