Психология | Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлғалық және кәсіби дамуы

 Психология | Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлғалық және кәсіби дамуы

Мазмұны
1. Индивид – биологиялық жеке тұлға
2. Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлға болып қалыптасуы
3. Қарым-қатынас жасай білу – индивидтің кәсіби дамуының алғышарты

Мақсаты: Қарым-қатынас және даму процесіндегі индивидтің тұлға ретінде қалыптасуы және кәсіби дамуы.
Міндеті: Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Актуальдылығы: Индивидтің тұлғалық және кәсіби даму процесіндегі қарым-қатынастың алатын орны.
Теориялық маңыздылығы: Біріншіден, адам – тірі табиғат өкілі, биологиялық обьект, екіншіден, саналы іс-әрекет субьектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Демек, адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасын – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Практикалық маңыздылығы: Психологтарға үйреншікті ой бойынша индивид әлеуметтік ортады өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылуы әлеуметтену деп аталады.
1. Әрбір адам – ересек болсын, жаңа туған сәби болсын индивид, биологиялық жеке адам.
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. «Индивид» ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.
Ал жануарлардан санасының болуымен айырылатын адам индивид қана емес, сонымен қатар жеке адам болып табылады. Жаңа туған сәби индивид қана болып табылады. Адамдармен қарым-қатынаста болып, коллективтік еңбекке қатыса отырып, адам қоғамдық, әлеуметтік жан, яғни жеке адам болады. Сөйтіп, жеке адам – бұл нақты, жанды адам, ол қоғамның мүшесі бола отырып, басқа адамдармен белгілі бір қарым-қатынаста болады.
Әрбір адамның толып жатқан жеке ерекшеліктері болады, бұлар оны қайталанбайтын жеке өзіндік адам (индивидуалдық) етеді. Дүниеде өзіндік белгілері болуы жағынан бір-біріне ұқсас екі адам болмайды.
Адам өмірдің сыртқы жағдайларының ықпалымен қалыптасады. Бірақ та екі бала мүлде бірдей жағдайда тәрбиеленсе де, олардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері болады. Мұның себебі – балалардың табиғи сапалары әр түрлі. Сөйтіп, адамның қалыптасуына әлеуметтік факторлармен қатар биологиялық факторлар да ықпал етеді. Жеке адамның айналадағы дүниенің әсер етуінің арқасында алғандары мен индивидте табиғатынан барлардың арасында тығыз байланыс болады. Адамның өмірдің сыртқы жағдайларының және қызметінің ықпалымен қалыптасуы, ішкі жағдайлар, яғни ол адамдағы табиғи және өмірден алған сапалары арқылы өтіп отырады.
Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьев адам танымының жүйесін төрт негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субьектісі, тұлға және жеке даралық.
«Индивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид – ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизмді (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке типтік сипаттамаларын, оның ішінде конституционалдық ерекшеліктерін (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттерін, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтың бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.
«Индивид» ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)
Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Сонымен, «тұлға» ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санк-петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеулік мектеп өкілдері «субьект» деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін «индивид» ұғымына біріктірді. Бірақ, бұған қарамастан, «тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.
2. «Тұлға» ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілет және мінез.
«Тұлға» ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)
Қабілеттер дегеніміз – бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент – адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз - әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар – адамдардың наным-сенімдері.
Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Сезімдер – жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады.
И.С.Кон былай деп жазды: «Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді».
Сонымен, тұлға – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Адамды тануда Б.Г.Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым – «іс-әрекет субьектісі». Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымының ортасында. Іс-әрекет субьектісі адамның биологиялық бастауын және әлеуметтілігін біріктіреді.
Сонымен, біріншіден, адам – тірі табиғат өкілі, биологиялық обьект, екіншіден, саналы іс-әрекет субьектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Демек, адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасын – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Жеке тұлғалық – бұл нақты адамның өзгешілігі және қайталанбастығы, жеке көзқарасының болуы психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалықтың көп түрлілігі пайда болады.
Сондықтан, адам – нақты өмірдің ең күрделі обьектісінің бірі деп қорытынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді.
«Жеке даралық» ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)
Күнделікті тұрмыста, сондай-ақ ғылымда «даралық» сөзімен қатар, «индивид» деген сөз де қолданылады. Индивид деп өзіне тән барлық ерекшеліктерімен бірлікте алынған нақтылы адамды айтамыз.
Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек, солай болған соң да толығырақ сипаттайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де, сондай-ақ психологияның басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің тұрақты обьектісі болып табылады.
Жеке тұлға, субьект – бұл «таза сана» емес (Кант), әр уақытта «мен» ұғымымен тең емес (Фихте) және өз-өзін дамытатын «жан» да емес (Гегель); бұл нақты, тарихи, шынайы өмірмен шынайы қатынастағы саналы индивид. Психология ғылымының негізгі міндеті – психиканы, тұлғаның сана-сезімін зерттеу, дәлірек айтқанда, оларды «шынайы саналы индивид» ретінде зерттеу.
Психологтарға үйреншікті ой бойынша индивид әлеуметтік ортады өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылуы әлеуметтену деп аталады.
Белгілі, бала өзін «мен» ретінде бірден тани алмайды: ол алғашқы жылдары өзін қоршаған орта есімін қалай атаса, сол күйінде таниды; ол өзінен бұрын, алдымен өзгелерге обьект ретінде дамып, өмір сүреді. Өзін «мен» деп ұғына білуі, бұл оның даму нәтижесін көрсетеді. Бұл ретте, жеке тұлға санасының дамуы индивидтің шынайы қызметтің субьектісі ретінде дербестігінің қалыптасуы мен даму процесінде іске асады.
Даму жолындағы келесі баспалдақ, бұл жүруді бастау болып саналады, өздігінен қозғалу. Бұл жағдайда, қозғалыстың техникасынан, индивидтің қоршаған ортамен қарым-қатынасының өзгеруі маңыздырақ. Бала түрлі іс-әрекеттің дербес субьектісі ретінде қоршаған ортадан ерекшелене бастайды.
3. Қарым-қатынас – адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісі түрінде кәсіби дамуы аңғарылады. Қарым-қатынас – адамдар арасында ақпарат алмасу. Адам өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта да қарым-қатынаста болады.
Тәрбиенің нәтижесінен жаңа туған баланың психикалық әрекеттері біртіндеп дифференцияланып, дами келе, жаңа сапалардың пайда болуына әзірлік жасалады. Баланың онтогенетикалық дамуы тек оқу-тәрбие арқылы ғана әсер етумен дамиды, оның психикасының дамуына ересек адамдар қоршауы ереше әсер етеді. Сонымен қатар, даму қалыпты болуы үшін балаға әсер етуші сыртқы жағдайлардың, тәрбиенің, оқудың дұрыс ұйымдастырылуы және баланың белсенді түрде әрекет етуі шарт.
Қарым-қатынас нәтижесінде баланың тілі шығып, сөйлей бастуы психика дамуының басты белгісі болып табылады. Баланың сыртқы дүние болмыстарымен байланыстары кеңейіп, айналасындағы заттарды, болмыстарды тануы ұлғая түседі. Ол түрлі болмыстарды бір-бірінен ажыратып, олардың кейбір байланыстарын аша бастаумен бірге, өзін де айналасындағы дүниеден біртіндеп ажыратып, бөле бастайды. Бала айналасындағы қоршаудың құлы болмай, ол қоршауға өзінше әсер етеді, оны өзгертуге, әлі келгенше өзіне бағындыруға тырысады. Баланың бұдан былайғы өмірінде сананың пайда болуымен бірге барлық психикалық функциялар қайта құрылып, өршіп, ілгері қарай дами түседі. Сана пайда болумен бірге бала өзін-өзі танып, өз қоршаудағы (жанұя, балабақша, т.б.) орнын біле бастайды. Сыртқы дүниемен қарым-қатынасының өзгеруі, онда жаңа мұқтаждықтар мүдделер, әрекеттердің жаңа формаларын тудырып, дами түсуіне себепші болады. Тәрбие мен оқудың әсерімен бала психикасы біртіндеп ересек адамдардың психикасына айналады.
Балалардың жасын түрлі кезеңдерге бөлуде олардың іс-әрекетінің түрлі сатылардан өтуіне, анатомиялық-физиологиялық және психологиялық...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады