» » » Курстық жұмыс: Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу

Курстық жұмыс: Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу

Курстық жұмыс: Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу казакша Курстық жұмыс: Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ......................................................................................3
1. Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу.....................................................4
2. Балалар тұлғасының қалыптасуы......................................................................8
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................12

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу
Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.
Л.С. Выготскийдің: "баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Кеңес психологиясында адамды тұлға деп - қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптеледі. Тұлға сезімдік қасиеттермен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген.
Сонымен қатар Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтегенезін индивид ретінде, адамның дамуының тұлға ретінде қарастырады.
А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді.
Сонымен қатар тұлға - белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер -қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді.
Қатынастар психологиясы В.Н.Мясищевтің тұлға концепциясы болып табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен, қасиеттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізді. В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша, тұлға — тек адамға тән толық психикалық құрылымның жоғары шартталған қоғамдық-тарихи ретінде және оның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Сонымен қатар тұлғаның өзегін - өз-өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас жүйесі құрайды деп қарастырған.
Тұлға бағдар теориясының аумағында да зерттелінеді (Д.Н. Узнадзе, 1966, А.С. Прангишвили, 1975 және т.б.). Авторлар түрлі иллюзияларды (елестерді) экперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиселі екендігін аныктайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.Н. Узнадзенің теориясына сәйкес, ішкі бағдар - адам үшін ерекшеленген "теориялық қажеттіліктің" әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етеді. Осы ғалымдардың пікірі бойынша. ішкі нұсқау - адамды таңдамалы белсенді іс-әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы болып тыбылады.
Л.И.Божович балалар тұғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді.
Л.И.Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады.
Бірінші кезеңде оқушының оқу іс-әрекетімен тығыз байланысты мотивтері зерттелді. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс-әрекетінен шығатын әлеуметтік мотивтердің және мотивтердің әр түрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады.
Л.И.Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбилеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыда пайда болуы - тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Зерттеулердің нәтижесінде, мектепке дейінгі және балалық шақ аралығындағы бала тұлғасының қалыптасуында негізгі фактор болып - ересек адамның қалуы анықталған. Өйткені олардың қолдауы балалардың қоршаған ортасы мен эмоционалдық сәттіліктерін уайымдауының "берікті" қажеттілік жағдайын құрайды. Бұл жаста ересектердің, әсіресе ата-аналардың, қолдауына талаптануының күшеюі - баланың тікелей қажеттіліктерді сезбейтін мінез-құлқына түрткі болуы да көрсетілген.
Ал Қазақстанда тұлға мәселесі Ж.И.Намазбаеваның жетекшілігімен және оның шәкіртерінің, яғни Л.О. Сәрсенбаева, Р.Ш. Сабірова, Л.В. Пилипчук, С.Ж. Өмірбекова, Г.Т. Бекмұратова және т.б. ғылыми зерттеу еңбектерінде белсенді түрде дамуда.
Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы - толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект және интеллектінің өзара байланысы туралы Л.С.Выготскийдің ой, пікірі негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады.
Балалар тұлғасының қалыптасуы
Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, кұқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл жаңа әлеуметтік жағдай - мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.
Бұл жаңа қажеттіліктер баланың мотивациялық сферасын толықтырады және қиындатады, Осы жерде екі негізгі жолды атап көрсетуге болады. Біріншіден, баланың өмірдегі және оның қоршаған ортамен өзара қатынастарындағы орнын өзгерту жолы. Бұл әрбір жас кезеңіне сай келетін.................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 29 | 10.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Тәрбие сағат: XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек?
Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы
Тәрбие сағат: XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек?
Курстық жұмыс: Педагогика | Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі
Курстық жұмыс: Педагогика | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері
Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Дипломдық жұмыс: Психология | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Психология | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері
Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткіншектің әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістер
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткіншектің әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістер
Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар психология жобал, Курстық жұмыс: Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін