Психология | Жеке тұлға

Кіріспе
Өмірге жаңа келген нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, тонжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, кісінің аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде « Он үште отау иесі » ( қыз балалар үшін ), « Он бесте отау иесі » ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады.....
Курстық жұмыстар
Толық