Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның бітістері

Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның бітістері казакша Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның бітістері на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе
І. Бөлім . Жеке тұлға туралы жалпы түсінік..............................................4-5
1.1. Жеке тұлға құрылымының теориялары ...........................................6-10
1.2. Типтер теориясы мен бітістер теориясы.........................................11-13
1.3. Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері .....................................14-15

ІІ. Бөлім . Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу..........................16
2.1. Диссоцацияға қабілеттілік ...............................................................17-21
2.2. Хартшорн мен Мэйдің табандылықты өлшеу мен нәтижелері....22-31
Қорытынды...................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер............................................................................33
Қосымшалар

Тұлға туралы жалпы түсінік
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшіп жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижссінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан, адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды "имансыз", "көргенсіз" деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерге ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі - ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баслау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол" деген сөз осыған орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл-парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары "кісілік" ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық , ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. "Әлеуметшіліксіз,— дейді X. Досмұхамедов (1883— 1939), — қазақта ұлт тіршілігі ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек". Осы айтылғандар бізге оның психиологиясы туралы белгілі пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Жеке тұлға құрылымының теориялары
"Теориясыз эксперимент соқыр, эксспериментсіз теория сенімсіз әрі негізсіз. Сірә, психологияның жеке тұлға құрылымы жайлы ілімінен басқа, Канттың осы сөздері аса маңызды болатын саласы жоқ болар. Бақылаушылар біртұтас зерттеу бөлімі болуы тиіс іюрсепің окі багытқа ыдырап кетуіпе қайта-қайта ұшырасып отыр. Теория мен тәжірибе арасындағы үйлесімді өзара әрекеттестіктің орнына, бізде, бір жағынан, жеке тұлғаға немесе теориялық бағдарға ғана қатысы бар ұсақ-түйек процесторлі егжей-тегжейлі зерттейтіг экспериментті мектеп пен, екінші жағынан, "динамикалық бағыттағы" эмпирикалық бекітілу қажеттігін сезбейтін тоориялық мектептер бар. Психологтардың көпшілігі осындай еңбек бөлінісінің шегіне жеткені соншалықты, ғылыми зерттеу саласы ретіндегі "жеке тұлға" ұғымының өзіне де қауіп төнгенімен еді.
Дегенмен, өз теорияларының негізгі идеяларын бекітк отырып, екі жақ та бірдей дәлелді болып көрінгенімен, олар басқа мектептердің ғылымға қосқан еңбегін бағалауда әділетсіз болуы да мүмкін. Теорияға сүйенбеген эксперимент өнімді нәтижелерге әкеледі, не болмаса эксперимент жүзінде дәлелденбеген теория ғылымға мәнді үлес қосады дегенге ешкім дн сене қоймайтын шығар. Шешімі жоқ болып көрінген дауларда да, егер әр жақтың дәлелдері өзінің логикалық қисынып тауып жатса, орынды түрде келісімге келуге болады.
Мысал ретінде, біз "жеке тұлға" ұғымы анықтамасының өзін қарастыра аламыз. Осы тұста біз жеке тұлғаны мінез-құлық актілері бойынша анықтайтын және психодинамикалық ұғымдарлы қолдана отырып жасайтындар арасындағы шешімі жоқ қарама-қарсылыққа кездесеміз. "Жеке тұлға — бұл қажет ақпаратты алу үшін жеткілікті уақыт мөлшерінде шынайы мінез-құлықты бақылауда анықталуы мүмкін іс-әрекеттердің жиынтығы" деген Уотсонның сөзін биховиористік анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз. Принстің сөзін психодинамикалық анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз: "Жеке тұлға — бұл индивдттің тума биологиялық диспозицияларының, инстиігктілерінің, құмарлықтарының және өмір сүру барысында иеленген бейімділіктері мен бітістерінің жалпы жиынтығы".
Бақыланатын мінез-құлық актілері анықтамасына кіргізілген ұғымдар — ипстинктілер, бейімділіктер, құмарлықтар сияқты екінші психодинамикалық анықтамалардағы ұғымдарға соншалықты сәйкес келмейтіні анық. Дегенмен бұл қарама-қарсылық, солай қөрінгенімен, шешімсіз емес. Біздің инстинктілер, бейімділіктер және құмарлықтар жайлы тікелей біліміміз жоқ; тек бақыланатын мінез-құлық актілерінің негізінде қалыптасатын әрі оларды түсіпу және жалпылау үшін жасалған абстрактілік ұғымдар ғана бар. Осындай мінез-құлық актілерінсіз ұғымдардың өзінің нақты мағынасы болмайды: біздің адам мінез-құлқы жайлы білгеніміздің барлығы оның мінез-құлқын бақылаудан алынады. Алайда тек қана осындай бақылаудың өзі жеткіліксіз. Біз жағдайлардың белгілі бір қатарына ортақ мінез-құлықтың қырларын белгілейтін ұғымларды енгізуіміз қажет. Ғылым абстракцияга сүйенбей тіршілік ете алмайды. Осылайша, екі анықтама да бір жақты болып келуде, ал теңбе-тең анықтама білімдеріміз эмпирикалық негізін әрі жалпылаушы ұғымдардын теориялық табиғатын бейнелеуі тиіс.
Осы кітаптың мақсаттарына сай, біз, төмендегідей анықтамаларды ұстанамыз.
Жеке тұлға — бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының (конституциясының) азды-көпті тұрақты құрылымы.
Мінез мотивациялы-еріктік мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Темперамент адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Интеллект — бұл когнитивті мінез-құлиқтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Конституция деп біз дене бітімінің және нейроэн-докринді реттеудің азды-көпті тұрақты жүйесін айтамыз. Бұл анықтама көбінесе Америка ғылымында 20-шы жылдардан бері біздің уақытымызға дейін ықпал еткен "Мінез-құлықтың айрықшалығы" доктринасына қарама-қайшы келген "жүйе", "құрылым" немесе "ұйым" ұғымдарына баса назар аударған Робактың (1921), Оллпорттың (1937), Маккишгонның (1944) идеяларымен үндеседі. Сондықтан ерекшелік пен біртұтастықты қарама-қарсы қою мәселесін осы кітапта келтірілген барлық экспериментті зерттеулердің әсіресе осы мәселеге тікелей қатысты болуына байланысты қарастырған жөн.
Дұрыс мағыналығы психология табандылық, анқаулық, батылдық, ұқыптылық, алаңғасарлық, асқақтық, әртістік, дарақылық сияқты түрлі сипаттамаларды пайдалана отырып, немесе интеллектуал, жуас немесе желікпе сияқты түрлі психологиялық типтерді бөліп қарастыра отырып, сенімді түрде адам мінез-құлқын бейнелеп түсіндіреді. Ортодоксалды психология көбіне осы ұғымдарды пайдаланып, бізді доминанттылық—бағынушылық, сенімділік—сенімсіздік, мезіқылушылық сияқты бітістердің негізінде сонымен бірге экстраверт—интроверт, шизоид—циклоид сияқты типтерді болмаса Шпрангердің өмірлік типтеріп қолдана отырып бейнелейді. Ғылымның осындай жалпыға тектес ұғымдарды пайлаланушы кейбір сыншылардың "жеке тұлға мінез-құлқының бірізділігі мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның ортақ, негізгі бітістері, мінез-құлықтың жалпы және үйлесімді формалары болмайды, тек әдет пен жауап қайтарудың дербес және айрықша тәсілдері бар" деген пікірлеріне жауап ретінде болады.
Айрықшалықтың осы теориясы экспериментті дәстүрден бастау алады, ал априорлы шындыққа жанаспауы біздің оның шығу тегінің негізгі қайнар көзімен танысуымызға келергі келтірмеуі тиіс. Осы ғасырдың бірінші онжылдықтарында үстемдік еткен Торыдайқтың үйрету теориясы осындай бастаулардың бірі болды. Стимул-реакция байланыстары тұрғысында қарастырылған үйрету белгілі бір дәрежеде шартты және шартсыз рефлекс ұғымымен арақатынаста. Егер жеке тұлғаның құрылымдық ұйымдасуы көбінесе үйретумен байланысты болса — осы жерде авторлардың көпшілігі сенімді экспериментті дәлелдерді келтірместен тұқым қуалаудың ықпалын жоққа шығарады, — онда үйрету процесінің айрықшалығы үйретудің ақырғы өнімінде, яғни ересек жеке тұлғаның бейнесінде көрінуі тиіс. Егер стимул—реакция байланыстарына сүйенген үйрету теориясы, үйрету — бұл құрылым мәселесінің, атап айтқанда, перцептивті құрылымның жеке жағдайы деп тұжырымдайтын, белгі— мағына байланыстарына негізделген теориялардан бастау алған болса, ал айрықша емес теориялар онымен салыстырғанда жақын арада ғана белгілі бола бастады, аса тарихи ықпалы болмаған әрі жеке тұлғаны бейнелеу сферасында айрықша орын иелене қойған жоқ. Дағдыны көшіру маселесін қозғайтын еңбектердің көпшілігі біріншісімен байланысы жоқ айрықшалық теориясының шығу тегінін басқа бір бастауы ретінде танылды. Нақты айрықша әрекеттер: тақпақтарды жаттау, арифметикалық операциялар немесе француз тілінің бұрыс етістіктерін теріп жазу уақыт өтесе, ерік күші, логикалық ойлау және т.б. сияқты жалпы қабілеттердің дамуына әкеледі деп есептеу жөн саналады. Джеймс пен Торндайк бірқатар зерттеулерінде осындай қарапайым болжамның жеткілікті эмпирикалық негізі жоқ екенін көрсетті. Тең дәрежеде қабілетті сыналушылардың екі тобына тақпақтарды жаттау тапсырмасы ұсынылады. Бір топқа стимулға ұқсас материалды есте сақтаудың алдын ала даярлығы жүргізілгенде, бұл топ нәтижелерінде басқасымен салыстарғанда үміт еткен басымдылық байқалмады. Сірә, үйрету тым айрықша болған және оны жаттықтыруда болжалды қабілеттің жалпылай дамуы бола қоймайтын сияқты. Дағдылардың кез келген көшірілуі қайсыбір психикалық қабілеттерге емес, алғашқы және қайталанушы әрекеттердегі сәйкес теңбе-тең элементтердің тіршілік етуіне байланысты деп саналды. Бұл теория теңбе-тең элементтер теориясы ретінде белгілі және Торндайктың айтуы бойынша: "бір функциядағы өзгерістер екіншісіндегі өзгерістерге, сол функциялардағы ортақ элементтердің қаншалықты мөлшерде кездесуіне сәйкес жүреді... Нақты мысал ретінде көбейту дағдыларының дамуына ықпал ететін, қосудың арифметикалық дағдыларының дамуын қарастыруға болады, өйткені қосу операииясы көбейту операциясының бір амалына өте ұқсас әрекет қозғалысы және басқа да арифметикалық әрекеттерде абстракциялану сияқты кейбір басқа да процестер көбінесе сол арифметикалық операцияларды орындауда ұқсас келеді. Осылайша, жеке тұлғаның дамуы, математикалық пемесс лингвистикалық дағдылардың дамуы сияқты, дербес ассоциациялардың арнайы жаттықтырылуы ретінде көрінсе де, психиканың немесе қабілеттердің қайсыбір элементтерінің негізі дамуы ретінде көрінбейді.
Хартшорн мен Мэйдің (Мау) (1928, 1929, 1930) осы мәселені тікелей эксперимментті зерттеуі жоғарыда аталған екі теориядан гөрі ықпал өте қоймаған жеке тұлға ұйымдасуының айрықшалығы теориясының үшінші бастауы болып табылады. Бұл психологтар бірнеше жүздеген балаларға, жағдайдың шынында эксперименттің бақылауында болғанына қарамастан, айланы анықтай алмаудың айқын жағдайларында алдау мүмкіншілігі ұсыпылатын кең ауқымды эксперимент жүргізген. Аса күрделі емес бірқатар әдістердің көмегімен мінез-құлықтың табанды, импульсивті, моральды, ықыласты сияқты типтері және өзіндік бақылау зерттелді. Керемет жоспар және эксперименттің жүргізілуі, мәліметтердің сәйкес статистикалық өңделуі, зерттеудің айрықшалық теориясына шешуші ықпал еткенін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Хартшорн мен Мэй тестілер арасында тым төмен корреляциялар бар екенін анықтаған, ал ол шыншылдық, табандылық, ынтымақтастыққа деген ұмтылысты немесе кейбір тестілік ситуациялардағы ықыластылықты танытқан балалардың басқа жағдайларда өздерін дәл солай ұстамайтынын көрсетті. Олардың зерттелген сапалардың "мімез-құлықтың жалпы бітістерінен гөрі, айрықша әдеттердің тобы болғаны" жайлы қорытындысы айрықшалық теооиясының ақырғы дәледі ретінде қабылдайды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Жеке тұлғаның бітістері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Жеке тұлғаның бітістері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыс, Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның бітістері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін